Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе: Ұлы дала елі

29 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ұлы Дала Елі
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ер намысын ешбір жанға бермейміз
Қасым Аманжолов

Ата жұрт, атамекен - өте кең ұғым. Атамекен - адамның ата - бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы.
Біздің халқымызда ата-мекенді ардақтау сезімі өте тереңде жатыр. Туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған.
Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған, атап айтқанда, Күлтегін ескерткішінде жазылған:
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді төктім.
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым,
Тізеліні бүктірдім.
Бастыны еңкейттім,
Түрік болғаным үшін,- деген жолдар атамекен құдіретін, Ұлы Дала елін айқындай түсетіндей. Біздің ата-мекеніміз - Қазақстан! Қазақ деген намысшыл ұлттың ұрпағымыз
Міне, осындай намысшыл елдің ұрпағы болғаныма мақтанамын! Тарихы тереңде жатқан елімнің өткен жолдары тарих беттерінде өшпестей із қалдырған. Қаншама қиындықтан өткен елімнің болашағынан үміт күткен бабаларымыздың арманы орындалып, бүкіл әлем қызыға да, қызғана да қарайтын Тәуелсіз Мемлекетке айналдық.

Еліміздегі әрбір атқарылған игі істер – еліміздің болашағына, келешек үміт күткен, жастарына яғни Ұлы Дала елінің перзенттеріне арналып отыратыны сөзсіз. Ұлы Дала Елі... Елбасымыз өз сөзінде былай деген болатын: «XXI ғасырда далалық Еуразияның құшақ жетпес кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз өз тарихымыздың жаңа шамшырағын жақтық. Сондықтан да бүгінде және әр кезде де біздің Қазақстан, ол — Ұлы Дала елі! Ол — түлеген Ұлы Дала елі. Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық аты да дәл осы. Ол біздің Отанымыздың өткенін де, қазіргісін де, болашағын да бейнелейді. Онда қазақстандық мінез бен оның негізгі сипаттары көрініс тапқан. Олар — біздің жан дүниеміздің ашықтығы мен кеңдігі, біздің жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық пен бейбітсүйгіштік, кемеңгерлік пен ойшылдық, еңбексүйгіштік пен іскерлік. Ол — сүйікті жеріміздің өркендеуіне осы уақытқа дейін болмаған қол жеткізудегі өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізге деген сенім. Мен біздің жаңа Қазақстанның осындай бейнесінің әрбір қазақстандықтың ой - санасы мен жан дүниесінен орын табатынына, бүкіл әлемде мойындалатынына сенімдімін. Тағы қайталап айтайын, біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз солардың жалғасымыз. Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз — ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала елі! Бұл — біздің тағдырымыз! Бұл — біздің таңдауымыз!»- деген болатын.

Ұлы Дала Елі – біздің мақтанышымыз, бүгініміз бен болашағымыз. Бабалар аманат еткен Ұлы Дала елін көзіміздің қарашығындай сақтау - біздің міндетіміз екені сөзсіз. Ұлы дала елі туралы ойымда қорыта келе, өзімнің «Елімменен мақтанам!» атты туындыммен қорытамын.
Мынау дархан елімменен мақтанам,
Көз жетпейтін жерімменен мақтанам
Бүкіл әлем мойындаған бұл күнде,
Қазақ болып туғаныма мақтанам!

Халық болып тойлап жатқан мереке,
Тарихымның 550 жылдығына мақтанам!
Ұрпағының келешегін ойлаған,
Бабалардың ерлігімен мақтанам!

Тәуелсіз мынау - елімменен мақтанам,
Нар тұлғалы ерлеріммен мақтанам.
Адамдықтың адал жолын ту еткен,
Ұлы ақын - Абайыммен мақтанам!

Терең ойлы, тарихына көз салған,
Еліміздің жастарымен мақтанам!
«Еліміздің болашағы жастар»- деп,
Сенім артқан, Елбасыммен мақтанам!

№118 орта мектептің
9 - сынып оқушысы
Асқар Динара
67 818
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Туған жер-тұғырың
Туған жер-тұғырың
Уа, дариға, алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей Ақын болмай, тасың болсам мен егер
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегалиева Клара
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
Алматы обылысы Сарқан ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің өзін – өзі тану пән мұғалімі Абдраманхан Ербол
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дуйсенгалиева Гульмира Жумажановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×