Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер-тұғырың

03 желтоқсан 2021, Жұма
Туған жер - тұғырың
Уа, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей
Ақын болмай, тасың болсам мен егер,-
деп кезінде болашақ ұрпаққа мол әрі аса құнды мұра қалдырған Қасым Аманжолов ақын атамыз туған жерін осылайша өлең - жолдарымен сүйіп өткен екен.

Туған жер - ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер, анамыз. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және де осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан - деген ұғымдар жүрегіне жақын ұғымдар. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған."Ата мекен - алтын бесік"деп, ата - бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз туған жерін мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы, мақсат - мүддесі."Ұлтарақтай болса да, ата - қоныс жер қымбат"- деген мақал әр адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал. Туған жердің табиғат да бір ерекше! Сарыарқаның сарша тамызы, бұлбұлы сайраған көктемі әдемі ғой. Самайдан желкілдеген көшкін желде - бір алып. Ақ меруерттей көмкерілген біздің Сарысу Сарыарқа өзені. Бұл өлке адамның көзіне күндік жерден шалынады. Күн сәскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым Сарысу алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Көктемнің кезінде кең жайылған Сарыарқаның кең даласы қанатын кең жайлап, жібектей жұмсақ болып, желмен жарыса жөнеледі. Омырауын сонау шалғынға тіреп, шайқалып, шешек атқан гүлдердей қанатын кең сермейді. Қарасаң көзіңнің ұшы - қиыры жететін тауда бір жас балаша арман қиялына басын сермеп тұр. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Бұл - менің ауылым, туған жерім, ата-мекенім!
275 570
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мазыбаева Бақыт Құдайбергеновна
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның бастауыш класс мұғалімі Қажығалиева Клара Жанұзаққызы
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
Алматы обылысы Сарқан ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің өзін – өзі тану пән мұғалімі Абдраманхан Ербол
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×