Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атамекен – алтын бесік

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: атамекен – алтын бесік
Мақсаты: оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп - дамуындағы, өміріндегі орны туралы түсініктер беру:
Міндеттері:- Атамекенді қадірлей білу, оған қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру:
- оқушылардың өз ата мекені, туған жері туралы білімдерін кеңейту:
Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: Алматы облысының, Сарқан, Қойлық өңірінің табиғаты бейнеленген суреттер, С. Тұрысбеков «Ақ жауын» күйі.
Сабақтың барысы:
І. Тыныштық сәті:
С. Тұрысбеков «Ақ жауын» күйін тыңдай отырып ауылдың көркем көріністерін көрсету.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
С. Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» әңгімесі
Қария немересін атамекенге неліктен алып барғысы келді?
Атамекен, атажұрт несімен қымбат?
Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
Туған жеріңде туып - өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?
Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?

ІІІ. Дәйексөз
Оқушылар дәйексөздің мағынасын ашып және жалғастырып айту
Алтын ұяң - отан қымбат.
Туып - өскен елің қымбат,
кіндік кескен жерің қымбат.
..................................................
Қазыбек би.
IV. Ойын - жаттығу
Ойшылар «сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталатын ойын ойнау.
Ойын шарты бойынша оқушылар берілген сөздер өзгерту арқылы әңгімені жалғастырып бір - біріне байланыстырып айтып шығу. Мысалы Атамекен, отан, ел басы, арым, туған жер т. б

V. Әңгімелесу.
Ш. Айтматов пен М. Шахановтың әңгімесін рөлге бөліп оқу және атамекен туралы өз ойларын бөлісу.
Атамекен, туған жер туралы қандай ырым жолдарды білесіңдер?
VI. Шығармашылық жұмыс.
Балалар, біз Б. Момышұлын білеміз ғой?! Ол Отан үшін отқа түскен, қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы, XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. Сіздерге Б. Момышұлының өсиеті беріліп отыр. Өсиеті оқып берілген мақал - мәтелдерді өз ойларымен толықтырып айтып беру.
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б. Момышұлы
Тапсырма: Отансыз адам,
Ормансыз
Елінен безген
Көлінен безген қонбайды.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы
Өз еліңнің иті де
тойған жеріне,
Ер туған еліне.
Ел дегенде
Жұрт дегенде жұмылып істе.
Ел жасымен,
тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап
Сумен ойнама
Отпен ойнама
Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз
Ерден аспақ болса да,
Елден
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген
Көш басшысы жоқ ел оңбайды,
Құралай бастаған

VII. Топпен ән айту
Оқушылар үнтаспаға қосылып «Атамекен» әнін айту.
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалиев.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалы
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспанымен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайырмасы.

VIII. Қорытынды:
Атамекен…Атажұрт…Туған жер…Бұл - ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігіен ашып, өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланысты болады. Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

IX. Үйге тапсырма.
«Атамекенім мақтанышым»атты шығарма жазып келу
X. Тыныштық сәті.
Тыныштық, тыныштық әлемде,
Тыныштық, тыныштық бар жерде,
..............................................
17 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Туған жер-тұғырың
Туған жер-тұғырың
Уа, дариға, алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей Ақын болмай, тасың болсам мен егер
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мазыбаева Бақыт Құдайбергеновна
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның бастауыш класс мұғалімі Қажығалиева Клара Жанұзаққызы
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Абилова Динара Қасқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×