Сауысқан мен көкек
САУЫСҚАН МЕН КӨКЕК
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
– Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді.
Көкек:
– Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей – ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші – тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р» - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үйіші де жоқ.

Жаңалықтар
Жауқазын
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға өлеңді оқыту арқылы көктем мезгілі жайлы білімдерін кеңейту. Өлеңнің негізгі идеясын ашу.
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен Көкек. Жұмбақ.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джаменова Венера
"Сауысқан мен көкек" ертегісі
ШҚО Абай ауданы, Көкбай ауылы, «Көкбай атындағы орта мектебі» ККМ Бастауыш сынып мұғалімі Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Нұраталды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанова Куляш Булкенкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.