Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махамбеттің Хиуа сапарындағы қиыншылықтары

07 желтоқсан 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Махамбеттің Хиуа сапарындағы қиыншылықтары
Негізгі бөлім
Айдарханға келген Махамбет бір қазаққа төрт казак - орыс жабылып, ұрып жатқанын байқайды. Бір уақытта ірі денелі, бойшаң кісі қазаққа көмектеседі. Ол кісінің есімі - Баба.
Махамбет Бабаның ержүректігіне таң қалып, Бабамен танысады. Баба Маңғыстау жерінде Ақтұмсық ауылында туылған. Долгийде балық шаруашылығында қызмет атқарған. Махамбет Бабаға қонақжайлығын көрсетіп, сыйлайды. Содан соң бір - бірімен жылы қоштасады. Уақыт өте келе Махамбет Хиуаға жол тартпақшы болды. Хиуаға ең төте жол - Маңғыстау болатын. Сол себепті Махамбет Маңғыстауға сапар шегеді. Ол Форт қаласына, Сүйінқара үйіне келеді. Сүйінқараға өзінің өтінішін жеткізеді. «Сүйінқара мен Хиуаға жол тартып келемін. Қасыма шыдамды, қайсар жолаушы керек. Мен Баба деген кісімен кезінде танысып едім, сол кісі тауып берсеңіз риза болар едім»- дейді. Сүйінқара Бабаны танып, табады. Сүйінқара Ел - жұртқа Махамбетті Бесқаладан келген жиенім деп таныстырады.
Сүйінқара Махамбет пен Бабаға жолға деп, ат мінгізеді. Олар Маңғыстаудан өтіп, Хиуаға жетеді.(Хиуаға не үшін барғаны? Ол белгісіз. Себебі ешқандай мәлімет берілмеген. Ол тек Махамбеттің өзіне ғана мәлім) Қайтарда қыс мезгілі түсіп кеткен еді. Жолда олар қасқырдың інін көрді. Баба ойланбастан шешіне бастады. Бұны көрген Махамбет әзілдеп жатыр деп ойлады. Бірақ Баба қанжарын алып, інге кіреді. Іннен шай қайнайтын уақытта, қара тері шығып, қасқырдың терісінін алып шығады. Қасқырдың терісін Махамбетке сыйлайды. Махамбет таңырқап, әрі Бабаның батылдығына риза болады. Еліне қайтқан соң Бабаның ерлігін Үбі Үсеұлына айтады. Үбі Үсеұлы Мұрат Мөңкеұлына айтады. Содан соң ел аузына тарап кетеді. Бұл оқиғаны бізге жеткізген ғылыми жоба жетекшісі Дюсенбаева Жанбибі апайымыз. Осы оқиғаны естіп Бабаның ержүректігіне таңырқай қарап, үлгі алдым.
Орындаған: Чимберген Гүлназ
2 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Піржан Әлия Нажимқызы
Махамбет - күрескер ақын
Махамбет - күрескер ақын
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жардемқызы
Ерлік пен елдік - Махамбет ұраны
Ерлік пен елдік - Махамбет ұраны
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет – өр рухты ақын
Махамбет – өр рухты ақын
Мұғалім: Бекенова Индира Сабақтың тақырыбы: Махамбет – өр рухты ақын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×