Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әлем менің көзіммен

25 қараша 2012, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы

Мектепалды даярлық тобы
«Әлем менің көзіммен» (Шығармашылық жұмыс)
«Бөбек» қалашығына саяхат.
Мақсаты: Балалардың санасындағы «Қайырымдылық», «Мейірімділік», «Достық» ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері: Мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
- Мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бөбек» қалашығының суреттерін слайдтар арқылы көрсету, түрлі-түсті бояу қаламдар, сурет салатын ақ қағаздар. (Ұжымдық жұмыс үшін)

Барысы:
Шаттық шеңбері:
Балалар, бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
- Сіздермен бірге болған тек мен ғана емес, шуақты күнде қуанып тұрғандай.
Ендеше біз бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді және жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсы көтеріңкі көңіл күй тілейік.

- Біз тағы да біргеміз,
Сөгілмейді іргеміз
Құшып күннің шуағын
Көрісерміз қуанып.
Амансың ба алтын күн
Амансың ба көк аспан
Амансың ба қонақтар?
Сіздерді көрсем қуанам.

- Міне тамаша. Ал, енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. Көзімізді жұмсақ та болады.
Тыныштық сәті:(әуен ойналады)
Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның есімі де дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып оның қалай соғып тұрғанын сезіңдерші. (тыныс алу)
Ол «мен осындамын», «мен сенімен біргемін» деп тұрғандай. Оған өздеріңнің әсем күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміз бізге тек жақсы сөздер айтатын болады. Біз жүрегімізге «рахмет» айтамыз.
- Енді көздеріңді ашып қолдарыңды жоғары сосын екі жаққа созып терең дем алыңдар.
- Өте, тамаша.

Әңгімелесейік:
- Балалар біз бүгін «Бөбек» деген үлкен балалар қалашығына саяхат жасаймыз.
-«Бөбек» қалашығында өте әдемі, мейрімді, бір-бірімен достықта өмір сүретін балалар тұрады екен. Олардың апайларының аты Сара Алпыс қызы екен. Ол сондай мейрімді, қайрымды апай деп мақтайды «Бөбек» қалашығының балалары. Ол апай қолынан келген жақсылығын балалардан аямайды екен. тек ғана «Бөбек» қалашығының балаларына ғана емес еліміздегі барлық балалардың жақсы тұруына, әрқашан күліп жүруіне жағдай жасайды екен. Міне, балалар менің қолымдағы хатты «Бөбек» қалашығының балалары жолдапты. Оқып берейін «Құрметті «Балауса» балабақшасының бүлдіршіндері біздің Сара апайымыздың туған күні мерекесі келе жатыр. Біз апайымызға не сыйласақ деп отырмыз. Бізге көмектесе аласыңдар ма?
Әдемі салған суреттеріңді хатпен салып жіберсеңдер депті»
- Олай болса балалар бәріміз Сара апайға сыйлық ретінде өзіміз әдемі суреттерімізді салып жіберейік. Біз қандай сурет салғанды ұнатамыз? әрқайсымыз өзіміздің кішкене жүрегіміздің айтқанымен әдемі суреттер салайық.

Шығармашылық жұмыс:
(Ортаға үлкен сурет салатын қағаз бен бояу қаламдар ұсынылады.
Тәрбиеші әр баладан ненің суретін салғысы келетінін сұрайды. Көмек қажет еткен балаларға көмектеседі. Тәрбиеші суреттің ортасына күліп тұрған күн бейнесін салады)
Жүректен - жүрекке:
Балалар өз салған суретін айтып береді.
Ақнұр: «Мен әдемі гүл салдым»
Бейбарыс: «мен құстың суретін салдым»
Айерке: «мен орамалдың суретін салдым»
Тәрбиеші: Міне, тамаша ортадағы күн сендердің суреттеріңе өз шуағын сыйлап тұр.
Керемет суреттерің үшін сендерге көп-көп рахмет. Осы суретті енді «Бөбек» қалашығына жібереміз.
9 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбелектер
Көбелектер
Қоршаған ортадағы сан алуан түстердің кереметтігі жөнінде айту. Білімдерін кеңейту, бекіту. Тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру. Балалардың жадында түстердің жатталып, ажырата білуіне дағдыландыру.
Отбасыңа жақсылық тілеймін
Отбасыңа жақсылық тілеймін
Мақсаты: Оқушылардың санасындағы «Отбасы», «Үй» ұғымдарын кеңейту, балалар бойында жанұядағы өзара жақсы қарым - қатынас пен татулыққа ұмтылуды қалыптастыру.
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
Қарттар аман болсын!
Қарттар аман болсын!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттар аман болсын! Мақсаты: Балаларға жалпы қарттар туралы түсінік беру.
Ана біздің гүліміз
Ана біздің гүліміз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы «Ана біздің гүліміз» Тәрбиеші: Құрметті аналар, апайлар, балабақша бүлдіршіндері!
Ата Заңым-айбарым
Ата Заңым-айбарым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Ата Заңым - айбарым Жүргізуші: Құрметті бүгінгі «Ата Заңым - айбарым» атты мерекелік ертеңгілігіміздің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×