Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарттар аман болсын!

25 қараша 2012, Жексенбі
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттар аман болсын!
Мақсаты: Балаларға жалпы қарттар туралы түсінік беру. Түсіндіре отырып ой - өрістерін кеңейту.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Қарттардың суреті
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару жаңа сабақпен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
- Балалар қарттар деп отырғанымыз үйіміздегі ата, әжелеріміз. Бәріміз ата - әжелерімізді жақсы көреміз бе?
- Ата, әжелерді сыйлау керек, көмектесу керек, жолда келе жатқанда жол беру керек.
- Енді балалар сендерге мен «Кішіпейілділік – кішілік белгісі » деген әңгіме оқып берейін.
Әңгіменің кейіпкерлері - әжей мен оның немересі және автобустағы бала әңгімеден біз автобустың іші лық толы адамдардың болғанын және бос орынның жоқтығын білдік.

Сол кезде бір баланың әжейге өз орнын ұсынғаны – сол баланың жақсы тәрбиесінің көрсеткіші болды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол мейірбан болады, кісіге қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады. Кішіпейілділік көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін халық : «Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік», - деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.

- Балалар әңгімені түсіндік ғой. Сонда ата, әжелерге автобуста болсын көшеде болсын орын беріп, жол беріп жүру керек. Ата , әжелерді сыйлау керек. Енді атамызға, әжемізге арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
1-тәрбиеленуші
Ата - үлкен, кәріміз,
Қуат берер дәріміз,
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.

2- тәрбиеленуші
Қарттар жүрсін ортада,
Өткенді көрген шежіре,
Аман - сау жүрсін әрқашан,
Сыйлаған бақыт біздерге

3- тәрбиеленуші
Әжетайым , тірегім
Кеудемде соққан жүрегім.
Шаттансам шығып қияға,
Қиналсам сен де жүдедің.

4- тәрбиеленуші
Әжетайым , ардағым.
Борышты өтеу арманым.
Ұмытылмас мен үшін
Ұйқыдан талай қалғаның
23 691
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарттарым аман – сау жүрші
Қарттарым аман – сау жүрші
Жұмақ жолы ата - ананың қасында, Қаяу түспей, бала көңіл жандарға. Аялайық, әлпештейік құрметтеп, Тірісінде бағалайық бағамдап.
Қарттар мерекесі
Қарттар мерекесі
1 - қазан қарттар мерекесі
Дәстүр күні
Дәстүр күні
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Дәстүр күні Мақсаты: Балаларды өз еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ата-баба
Қарттарым –асыл қазынам
Қарттарым –асыл қазынам
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Ұстаз-ұлағатты тұлға
Ұстаз-ұлағатты тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы: Ұстаз - ұлағатты тұлға! Мақсаты: Ұстаз деген ұғымның биік мәртебесін түсіндіру. Балаларды үлкенді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×