Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат тылсымы

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Пәні: Өзін – өзі тану 5 сынып Кіріктірілген сабақ (презентациясымен)
Тақырыбы: Табиғат тылсымы
Мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы туралы түсінігін дамыту.
Міндеттері:
- табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- Оқушылардың табиғатқа аялы қарым қатынасын дамыту;
- табиғаттағы сұлулықты көре білуге, қоршаған ортаны, табиғатты аялай білуге үйрету,
- қоршаған орта жайлы танымдық әрекеттерін шыңдау,
- балалардың өз туған жеріне, отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Оқулық,, маркер, плакат, түрлі түсті қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Табиғат, сен - тіршілік тұнып тұрған:
сен - Күнсің көтерілген күліп қырдан,
сен - көлсің,
сен - ормансың,
сен - бұлбұлсың,
Адамға табиғатты шын ұқтырған.
Әңгімелесу
- Табиғат тылсымы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?
- Табиғат сұлулығын қалай сезінуге болады?
- Табиғаттың аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?
Табиғаттың қандай көріністері сендерге ерекше әсер етті? Неліктен?
(сұрақтарды талдау)

Жаңа ақпарат
Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты.
Адам табиғатты аялап, қамқорлық жасап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауға тиіс.
Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрлік сезімге бөлінеді.
Мәтінмен жұмыс
Адам табиғаттан тыс өмір сүре ала ма?
Табиғат адамды қандай әсерге жетелейді?
Табиғат не үшін қажет?
Табиғаттың қандай құпиясын білесіңдер?

Шығармашылық жұмыс
Аймира: Қазақ халқында «тасбақа дауылы» деген де ұғым бар. Тасбақаны халқымыз киелі жануар деп есептейді. Әрі ол жөнінде аңыз - әңгімелер де көп кездеседі. Халқымыздың ою - өрнек мұрасында да «тасбақа оюы» кең қолданылады. Тасбақа тіршілігінде ерекшеліктің бірі - қысқы ұйқыға кетуі (кейде жазғы ыстық мезгілде де ұйқыға кетеді). Көктем кезінде көбіне көкек айында дала тасбақасы қысқы ұйқыдан оянып, жер бетіне шығады. Дәл осы кезде бірнеше күн қатарынан шаңды, боранды қатты жел соғады. Оны халық «тасбақа дауылы» деп атайды. Қысқы ұйқысынан шыққан тасбақа әлсіз болғандықтан сауытының үстінде қалған құм, топырақ қалдығын өздігінше түсіре алмайды, ал сол кезде соғатын дауыл оның үстіндегі құм, топырақты ұшырып әкетеді, яғни тасбақаның ұйқысынан оянуы қатты соғатын дауылмен сәйкес келеді.

Әбдухакім: Құстарға байланысты «құс қанаты» ұғымы жыл құстарының көктемде қайтуына байланысты айтылады. Елімізге алғаш келетін жыл құстарының бірі - қараторғайлар. «Құс қанаты» наурыз айының 26 - 28 - іне сәйкес келеді. Бұл кезде қайтқан құсардың қанаттарының суылдап ұшқан ызғарынан күн суытып, жапалақтап қар жауды.

Ұлжан: Табиғат құбылыстарда болатын тосын жәйттердің көпшілігі даламызда кеңінен таралған ақбөкенге байланысты айтылған. Ақбөкен киелі жануар. Оның тыныс – тіршілігі туралы халық ұғымдары көп. Соның бірі –«құралайдың салқыны» деп аталады. Бұл ақбөкендер көктемгі мамыр айының 17 - 25 - і аралығында жаппай лақтау мерзіміне сай келеді. Бұл кезде ол өте көп топ құрып (кейде 20 - 25 - мыңы бір жерге топталып), суы бар өзен жағалауына немесе қақ суы айналған шөбі мол жерлерде төлдейді. Бұл кезде ауа райы салқындап, ызғырық жел тұрады, жаңбыр жауып, артынша күн суытады да, табиғат дүниеге жаңа келген құралайларды салқын ауа райларымен ширатып, қатал табиғат жағдайына бейімді етіп өсіреді. Бұл мезгілді « киіктің лақ өргізері» деп те атайды.

Тыныштық сәті (музыка қосу) Психологиялық дайындық:
Ыңғайлы және еркін отырыңыздар. Көзде жұмыңыздар. өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сіздің жаман көңіл - күйіңіз кетсін. «Иә» менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс береді. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз

Мұғалім сөзі
Әр жердің өзіндік табиғат ғажаптары, қызықты үңгір, жартасы, бейнелі тау қатпарлары, шипалы қайнар, бұлақ, тұмалары т. б. болуы мүмкін. Сондай құпия тылсым күштің өзі – таң қалдырған табиғат сыйы, оның адамды ерекше сезімге баурап, адамды қуанышқа бөлейтіні, танып - білуге, құпия сырын ашуға тәнті ететіні ақиқат.
Табиғат тылсымын түсінген адам қоршаған әлемді құрметтеуге, сырын ұғуға құштар болады. Табиғат суреттері адам жанын нәзік сезімге бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып салады. Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау әрбір адамның міндеті әрі борышы. Табиғат пен адам – егіз ұғым. Табиғат адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көлеңкедегі тамылжытатын әнші құстарының үні, салқын соққан самалының қоңыр лебі, жұпар аңқыған жусаны адамды қанағаттандырады.
Осы ұғымдарды оқушылар есіне сақтап, ой елегінен байыпты өткізгендері жөн.

(«Табиғат тамашасы» видио көрсету)
Сергіту: Жаңбыр ойыны
Табиғат дыбыстары (музыка)
Табиғат болжамдары
Аю үңгірін таудың биігірек жеріне салса, келер көктемде су көп тасиды.
Жалпы құстар көңілдене сайраса - келер күн ашық;
- үндері тынса, күн күркірейді;
- жыл құстары топтанып қайтса - келер қыс қатты;
- жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді
Қарлығаш келгенде терек бұтақтары жапырақ жаяды;
- бірде төмендеп, бірде биіктеп ұшса, дауыл соғады;
- жер бауырлай ұшса, жаңбыр жауады не жел тұрады;
Көкек таңертең ерте көкектесе, су бетін тұман жауып, шық мол түседі.
- ку - кулеген дауысы жиі естілсе – алдағы күн ашық.
Қарға ерте көктемде қарға шомылса, күн жылынады;
- жазда аузын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды;
Ит қарға жатса, не керіліп ұзақ жатса, таяуда күн жылынбақ;
- ұзақ ұйықтаса, ауа райы бұзылмақ;
Мысық бұйығып ұзақ ұйықтаса күн жылынады;
- жуынса – күн шуақ;
- суды әдеттегіден көбірек жалап ішсе, ауа райы бұзылады;
- артқы екі аяғымен тұрып, алдыңғы аяқтарымен жер тырналаса, боран соғады.
Жауын немесе боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін созылады.
Ай шалқасынан туса шаруашылыққа ауа райы қолайсыз болады.
Жазда күн кенет ысып кетсе ұзамай жауын жауады.

Топтық жұмыс:
(Плакаттарды пайдаланып)
І топ: табиғатқа ассоциация жасау
ІІ топ: суреттерді қолданып, «Мен және табиғат» тақырыбына коллаж жасау
ІІІ топ: Табиғат қажет... сөйлемін аяқтау
Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар.
Аққу - киелі құс, оны атуға, құс салуға болмайды.
Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.
Көкті жұлса «көктей соласың» деп жамандыққа жориды.
(Тыйым сөздер оқушылар арасында талқыланады, олардың мән мағынасы түсіндіріледі)

Ой тұжырым. Табиғатқа менің айтар тілегім …(оқушылардың тілектерін тыңдау)
Релаксация (Әр оқушы смайликтерді пайдалана отырып, өзінің сабақ соңындағы көңіл күйін сипаттап, бұлттарға орналастырады..)

Ән: Әрқашан күн сөнбесін
1. Күн әлемі, көк әлемі,
Суреті ол жас баланың.
Ақ қағазға салған ізі,
Жазылған бар бір сөзі.
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын мамам
Болайын мен де аман
2. Сұм соғысты, қан төгісті,
Болдырмаймыз сәби үшін.
Гүл жайнайды, бақ таймайды,
Адам соны қалайды.
Қайырмасы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – тіршілік аясы
Табиғат – тіршілік аясы
Оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту, туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×