Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар

14 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Физика 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұқа линзаның формуласын түсіндіріп солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
а) теориялық білімдерін тексеру.
ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұқа линзаның формуласымен танысамыз.
1. Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?
2. Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Қандай айна жазық айна деп аталады?
4. Жазық айна шын кескін бере алады ма?
5. Қандай кескін шын кескін деп аталады?
6. Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?
7. Жарық жазық параллель пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыс байқалады?
8. Көлдің шын және көрінерлік тереңдігі деген не?
9. Призмадағы сәуленің жүру жолын қалай анықтауға болады?
10. Айнаны ұлғайтуды дегенді қалай түсінесіңдер?

V. Жаңа материалды меңгерту: Жұқа линзаның формуласы. Линзаның үлкейтуі.
Үш шаманың; нәрсе мен линзаның d ара қашықтығын (1 - суретте ОВ) кескіннен линзаға дейінгі f ара қашықтықтың және фокустық Ғ ара қашықтықты (ОҒ) байланыстыратын формуланы геометриялық жолмен қорытып шығаруға болады (біз сіздерге қорытынды формуланы береміз). немесе
Осы қатыстарды жұқа линзаның формуласы деп атайды. d, f және F шамалар оң да,
теріс те болуы мүмкін. Линза шашыратқыш болған жағдайда F<0 онда жоғарғы формуланың оң бөлігінде - теріс шама тұрады, мүшенің алдына кескін шын болғанда «плюс», ал кескін жалған болғанда «минус» таңбасы қойылады. Ақырында, мүшенің алдына жарықтаушы нүкте шын болғанда «плюс», ал жалған болғанда «минус» таңбасы қойылады.
Линзаның үлкейтуі. Линза шығаратын кескіннің шамасы әдетте нәрсенің өлшемінен басқаша болады. Бұл үлкейту деген шамамен сипатталады. Сызықтық үлкейту деп кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшеміне қатынасын айтады.

Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар. жүктеу
6 745
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Линзалар, линзаның оптикалық күші; линзада кескін алу; жұқа линзаның формуласы
Линзалар, линзаның оптикалық күші; линзада кескін алу; жұқа линзаның формуласы
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Култе Якудаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×