Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Өткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену, талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, лекция.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
Екі топқа сұрақтар беріледі.

І - нұсқа
1. Ток күші дегеніміз не? Оның формуласы, өлшем бірлігі?
2. Ток күшін қандай құралмен өлшейді? Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
3. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
ІІ - нұсқа
1. Ом заңы, формуласы. «Кедергі» деп нені айтады?
2. Өткізгіш кедергісі неге тең, қандай шамаларға тәуелді?
3. Егер 10 с ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 Кл заряд өтсе, кедергідегі кернеу неге тең?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе (тірек - конспекті бойынша)
1. Тұрмыста, техникада қолданылатын құрылғылар.
2. Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар:
а) тізбектей жалғау
ә) параллель жалғау
3. Тізбектей жалғау ережесі.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, ал тізбектегі жалпы кернеу, олардың қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

4. Өткізгіштерді параллель жалғау ережесі.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең; жалпы кедергі кемиді:

5. Қолданылуы:
Трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электржелдеткіш т. б.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Деңгейлік есептер шығару
1. Егер 120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, 80 Ом кедергі арқылы қандай ток өтеді.
2. Егер кедергі 2 есе кеміген кезде ток күші 3 есе артса, тзбек бөлігіндегі кернеу қалай өзгереді?

V. Сабақты топтастыру стратегиясы арқылы қорытындылау
Топтастыру стратегиясы
Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі.
Венн диаграммасы
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма:§41. 20 жаттығу
15 156
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Оқушылардың өткізгіштерді жалғау тақырыбын тереңдету. Оқушылардың электр тогына қызығушылықтарын ояту, электр құралдарымен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Смагулова Б. А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×