Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты өмірді таңдаймыз

03 маусым 2016, Жұма
Категориясы: Психология
Ақмола облысы, Ерейментау қаласындағы
№2 орта мектеп - лицейінің педагог - психологы
Керейбаева Құралай Байтенқызы

Біз бақытты өмірді таңдаймыз атты психологиялық тренингі
Мақсаты: Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдеріндегі үдеріс туралы мәлімет толықтыру. Өмірді бағалай білуге, өмірдің құндылықтарын түсінуге көмектесу. Оқушылар арасында жағымды психологиялық қатынас тудыру.
Міндеті: 1. Топ ұйымшылдығың эмпатия сезімін дамыту, жағымды көңіл - күй қалыптастыру.
2. Қатысушылардың бір - бірімен қарым - қатынас жасаудағы кедергілерін жою және біріктіру.
Көрнекіліктер: Ватман, қарындаштар, сөйлемдер жазылған кесте қағаздар, жіп ойынға, түрлі түсті қағаздардан қиылған жұлдызшалар т б Қатысушылар: 7 - 8 сынып оқушылар

Тренингтің ережесі:
1. Бір - бірімізді тыңдаймыз;
2. Достарыммен жақсы қарым - қатынас;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз.
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз.
6. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз

Психолог:
«Өмір - сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір - сенің сарқылмайтын дастаның» - демекші, өмірдің мәнін құндылығын түсіндіру мақсатында « Біз бақытты өмірді таңдаймыз» атты психологиялық тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай: « Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері « Психолог: Барысы: «Өрмекші торы» (паутина) жаттығуы Үлкен оралған жіпті мен бастап ұшын өзіме алып қалып, ораманы қарсы тұрған балаға өзім туралы қысқаша мәлімет айтып беремін. Ол бала өзі туралы айтып келесі балаға береді. Осылайша барлық балалар қамтылу керек. Сонда біз өрмекшінің торын жасадық. Енді керісінше соңғы бала өзіне қай бала жіпті берді сол балаға ол туралы есіне сақтағанын айтып қайтарып береді. Осылайша оралған жіп маған қайтып келу керек.

Шағын – дәріс. Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жасөспірім балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетіндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т. б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жасөспірім төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жасөспірім жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым - қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата - анаға көмекке келетін – мұғалім. Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым - қатынасқа, имандылық адамгершілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата - аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.
«Суреттегі ой» Қатысушылар сурет салынған үлестірмелер береді. Бұдан не көріп тұрмыз? Суреттер бойынша өз ойларын не түсінгендерін айтып ортаға салады.

1 – топқа тапсырма:
1. Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
1. тапсырманың жауабы: Ортасында қара нүктесі бар, ақ кеңестік. бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дүрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.... 2. – топқа тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
2. « Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.....»
3. Тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
3. Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің күнәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік.....
4. Тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген 4.»Түн. Айнала жым жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар, ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Ол мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста, үйде де, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді..... Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық әуенді терапия Енді бойларыңызды еркін ұстап орындықтарыңызға жайланып отырыңыз, біз барлығымыз саяхатқа шығып келейік. Көздеріңізді жұмып, қолдарыңызды алға бос ұстаңыздар. Біз ұзақ жолға шығамыз. Ұзақ жол. Сол қиын жолдармен жүріп келеміз. Аспанда аппақ ақша бұлттар. Оң жағымызға қараймыз. Оң жағымызда биік тау. Даланың таза иісі мүрындарыңызда келеді. Қандай керемет! Асқар таудың әдемі суретін көзімізбен көрген. Сол жағымызға қараймыз. Сол жағымызда сарқырап ағып жатқан өзен судың дыбысы құстармен үндесіп жатыр. Жүріп келеміз алдымыздан үлкен бір бақ кезікті, жақындап келеміз. Бақта алма ағаштарынан өзімізге керек біраз алмалар теріп алған едік. Жүріп келеміз. Бүгінгі Алдарыңыздан біреулеріңіздің ата аналарыңыз, біреулеріңіздің баларыңыз шықты. Әкелген ғажайып алмаларыңызды үлестіріп жатырсыз. алма жеген ата аналарыңызда да, балалар да мәз. Бұл кезеңде өмірдегі бір бақытты күндердің бір күні емес пе? Енді көздеріңізді жайлап қана ашыңыздар. Жаттығу «Сөйлемді аяқта» оқушыларға сөйлемнің басы жазылған парақтар беріледі. Екі топ сол сөйлемді аяқтайды. Мысалы:
- Біз бақыттымыз, өйткені......
- Біз татумыз, өйткені.......
- Біз бір бірімізге сенеміз, өйткені......
– Біз қуаныштымыз, өйткені....
- Біз қайырымдымыз, өйткені.........
- Біз үнемі бақытты болуға күресеміз, өйткені......

Жағдаятты шешу.
1 - жағдай «Өмірдің қиындығына тап болған жігіт» Жас студент жігіт сабақтан келе жатып, бұрын өзімен бірге оқыған досы, әрі сыныптасын көреді. Қасындағы сыныптас досы студент жігітке бір жерге барып қыдыруды ұсынады. Студент жігітке ешқандай жаман ой келмейді. Олар жастардың жиналған жеріне келеді. Одан оның арты ойын сауыққа айналып, сыныптасы студенті құмар ойынға итермелейді. Студент жігіт әуел баста бас тартқанымен, оны сыныптасы көндіреді. Бастамада ақшаны ұта бастайды. Соңынан қарыз болып қалғанын байқамай да қалады. Бұл ойындағы жігіттер студент жігіттің сыныптасымен байланысы бар. Олар студентті бірігіп қарызға батыруды ойластырған екен. Сыныптасының ниеті қара болатын. Олар студент жігіттен қарызын беруді талап етті. Жігіттің басы қатуда топқа сұрақ: Студент жігіттің тағдыры не болмақ? Тығырықтан шығудың жолы қандай?

«Ой түйіні» Әр топ екі түрлі түстер таңдап аласыңдар.
1 - топ. Таңдаған түсі қызыл, жасыл. (гүлдер жасау) Ұстаздарымыздан алған біліміміз бен тәрбиенің арқасында Отанымыз сүйетін патриоттар болып өсеміз. Осы гүлді ұстаздарымызға сыйлаймыз.
2 – топ Таңдаған түсі көк, сары. (Қазақстан туын бейнелейді) Ұстаздарыңыздың еңбектерін ақтап егеменді еліміздің білімді ұрпағы болып, тілімізді, дінімізді құрметтей отырып, еліміздің туын биікке көтеруге ұмтыламыз.

Рефлексия. Оқушылар бүгінгі тренингтер қандай ой түйгендері туралы эмоциялық белгілермен белгілеп, өз ойларын ортаға салады.

Қорытындылау. Бұл сіздердің өмір жолымен барып, білім қуған кезіңіз. Алған алмаларыңыз білім мен тәрбиенің ұштасқан жемісі.
Жаттығу «Жылы тілек сыйлау» Балаларға түрлі түсті жұлдызшалар беріледі. Олар қасында отырған қатысушыға жұлдызшаның ішіне жылы тілек жазып, сыйлайды. Тренингке қатысқандарға алғыс білдіру сәтімен аяқтаймыз.
9 147
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Циклограмма (бір аптаға)
Циклограмма (бір аптаға)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым - қатынас және көтеріңкі көңіл - күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмірдің мән - мағынасын ашып, ешкімге қиянат жасамай өмір сүруге бейімдеу.
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.
Өмір сен маған қымбатсың
Өмір сен маған қымбатсың
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау; Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Біз бақытты өмірді таңдаймыз
Біз бақытты өмірді таңдаймыз
Өзін - өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл - күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі педагог - психолог Мирзаканова Жанар Авабакриевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×