Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты өмірді таңдаймыз

07 қараша 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: «Біз бақытты өмірді таңдаймыз» Тренинг

Мақсаты: Өзін - өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл - күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
І. «Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін атай отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.

ІІ. Өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген - Мен
2. Күш деген - Мен
3. Махаббат деген - Мен
4. Кешірім деген - Мен
5. Құдірет деген - Мен
6. Жасөспірім деген - Мен
7. Жастық шақ деген - Мен
8. Денсаулық деген - Мен
9. Адалдық деген - Мен
10. Жарқындылық деген - Мен
11. Бар ғажайып деген - Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты, Бәрі менің қолымда.

ІІІ. Тест «6 тұлғалық факторды анықтау»
1 - ші, 2 - ші, 3 - ші, 4 - ші, 5 - ші шаршыға өзіңнің қалаған суретіңді сал.
Ал 6 - шы шаршыға пілдің суретін сал.

Қорытынды:
1) Адамның қызығушылығын анықтайтын фактор:
- егер кіші шаршының ішіне сурет салса, қызығушылығы өзіне бағытталған.
- егер үлкен шаршыға салса, қызығушылығы адамдарға бағытталған.
2) Адамдармен қарым – қатынасын анықтайтын фактор:
- егер шаршының ішіндегі екі сызық қосылса, онда ашық қарым – қатынаста бола алады.
- егер екі сызық қосылмай сырт қалса, тұйық қатынаста.
3) Бейімделушілігін анықтайтын фактор:
- егер суреттің жиегі доға түрінде салынса, онда тез бейімделеді.
- егер суреттің жиегі бұрыш немесе түзу сызық түрінде салынса, онда бейімделе алмайды.
4) Мақсат көздеушілігін анықтайтын фактор:
- егер нүкте суретке қатысты болса, онда мақсат көздей алмайды.
- егер нүкте суреттен тыс қалса, онда мақсат көздей алады.
5) Адамның энергиясын анықтайтын фактор:
- шаршыға екі сызық қосылса, энергиясы жоғары.
- егер екі сызық қосылса, энергиясы төмен.
6) Лидерлік қабілетін анықтайтын фактор.
- егер сурет кіші шаршының ішіне салынса, онда лидерлікке ұмтылмайды.
- егер сурет үлкен шаршыға салынса, онда лидерлікке ұмтылады.

ІV. Миға шабуыл әдісі “Қазіргі заманғы бақытты жасөспірім”
Ватман қағазға екі топқа бөлініп, балалар қазіргі заманның бақытты жасөспірімі қандай болу керек екенін суреттеп салыңдар. Суреттерін балалар соңында қорғап, түсіндіріп беру керек.
Мысалы: дені сау, білімді, жан – жақты, отбасында өмір сүреді, т. б.

V. Жаттығу “Сөйлемді аяқта”
• Біз бақыттымыз, өйткені........
• Біз татумыз, өйткені............
• Біз бір – бірімізге сенеміз, өйткені........
• Біз қуаныштымыз, өйткені.........
• Біз қайрымдымыз, өйткені.........
• Біз әрқашан көмекке дайынбыз, өйткені.......
• Біз болашақта...........
• Біз үнемі бақытты болуға күресеміз, өйткені.........
Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз?

VI. Жаттығу «Жылы тілек сыйлау»
Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады.

VII.«Тілек шамы» жаттығуы.
Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңіз - бен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

№1 орта жалпы білім беретін мектепте әлеуметтік педагог
Гумарова Асель Муратовна
9 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі
Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі
Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ - ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру.
Мен өмірді таңдаймын. Тренинг
Мен өмірді таңдаймын. Тренинг
Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту. Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз - ақ өзіңің жақсы - жаман қасиеттерін біледі.
Өмір, қымбатсың маған!
Өмір, қымбатсың маған!
- өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. - өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мол тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту - өмір сырын түсіну, тіршілік қиындықтарын жеңіп шығуға үйрету.
Жүректен жылу таратқан
Жүректен жылу таратқан
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.
Өмірді тану - өзіңді танудан басталады
Өмірді тану - өзіңді танудан басталады
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің өзін - өзі тану пән мұғалімі Ерманова Сымбат
Достық
Достық
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің педагог - психологы Иманғалиева Гүлжан Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×