Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?

07 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?

Барлық адамға тән жалпы сипаттар, әр адамның өзіндік айырмашылықтары. Жалпы мәдениет мәнмәтінін жаңғырту және оны мектеп сыныбы жағдайында маңызды ету. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы. Ол - өзара қарым - қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адам өзінің дамуы барысында қоғамдық маңызды құндылықтарды, әлеуметтік нормалар мен бағдарларды меңгеретіні белгілі. Сол әлемге енген әрбір адам бірден сол қоғамның мәдениетімен ұштасады. Жағымды психологиялық жағдайды туғызу, ол ең алдымен өнімді қарым - қатынас бала мен мұғалім, бала мен құрдастарының өзара әрекеттесуімен белгіленеді. Жағымды қатынас, мұғалімге сенімділік білдіру, оқу іс – әрекетіне деген құштарлықты туғызады, оқудың танымдық ынтасын қалыптастырады. Мәдениетке біз «толеранттылықты» да жатқыза аламыз, бұл - жеке тұлғаның ішкі рухани күйі мен қоғамның адамгершілік нормалары. Осыдан келе біз мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын әр адамның мәдениеті - мектеп мәдениетіне әсер ететін бірден - бір фактор болып табылатынына көз жеткізе аламыз.

«Мектеп мәдениеті» түсінігі педагогикалық менеджментте мектеп ұжымындағы әдет - ғұрып, салт - дәстүр, ұстаным, адам бойындағы құндылықтарының жиынтығы және білім беру мекемесіндегі өзара қарым – қатынас, әдеп нормаларын анықтайтын бірден - бір құрал. Мектеп мәдениеті - бұл ұжым мүшелерінің қабылдаған рухани, мәдени құндылықтардың жүйесі. Бұл өз ретінде ұжым мүшелерінің ойлауындағы, сезімдеріндегі, іс – әрекеттеріндегі негізгі ұстаным, бағдар беруші және жол сілтеуші, нәтижесінде мектеп ұжымында қалыптасқан ынтымақтастық орта және жағымды психологиялық ахуал. Ал, қалыптасып қалған мәдениетті өзгерту және оны басқару – өте маңызды іс болып табылады. Әр мектептің өз мәселесі бар, сол себепті мәдениеті де әр түрлі болады.

Мектеп мәдениеті басшылар үшін негізгі мағынаға ие, әсіресе дамудың көптеген жаңа бағыттары туындап, стратегиялық жоспарлау міндетті әрі қажетті іске айналғанда.

Қазіргі кезде мектептің ұжымдық мәдениетін зерттеу, білім беру ұйымының мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерделеу, оның әлеуетін қолдану мәселесінің өзектілігі артуда. Сол себепті мектеп мәдениетін қалыптастыруда тек мектеп басшылығы емес, «ұстаз - оқушы - ата - ана» қағидасымен жұмыла жұмыс жасалса ғана мектеп мәдениеті сол ортада жағымды болмақ деген ойдамын.
10 317
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Циклограмма (бір аптаға)
Циклограмма (бір аптаға)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым - қатынас және көтеріңкі көңіл - күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Кеңпейілділік пен жомарттық
Кеңпейілділік пен жомарттық
Оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру. Жомарттық пен кең пейілділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Педагогтің коммуникативті мәдениеті
Педагогтің коммуникативті мәдениеті
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М.Ломоносов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Нургул Сеитжапаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×