Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары

30 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары

Еліміз егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде қоғамда көптеген өзгеріс болды. Сол өзгерістер туғызған соны жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Жаңа білім беру мазмұнының базалық ұстанымы – әрбір мектепте тұлғаның рухани – адамгершілік қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру. Білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, оқушыларының бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарып, рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту. Бала тәрбиесінің өзекті проблемаларын шешуге тәрбиенің уақыты өткен әдістерін ауыстыратын тәрбиенің жаңа технологияларын қолданудың қажеттілігі, ел ертеңін, ұлт болашағы үшін этно педагогика ғылымының жетістігін әр отбасының тәрбие құралына айналдыру бүгінгі күннің сұранысы. Алайда, соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканың қарқынына ілесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларда бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар пайда болды.

Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басшылыққа алатын тәрбиедегі басты құндылықтар деп: Адам, Отбасы, Отан, Туған өлке, Денсаулық, Салауатты өмір салты, Еңбек, Білім және Мәдени мұра көрсетілген.
Ата - ана өз міндетін орындау барысында жіберілген кемшілігін қоғамға, білім беру мекемелеріне арта бастады. Оған қоса, шартты түрде дамыған білім беру жүйесі мен БАҚ дамуы, «мәдени орын» деген атаудың астарына тығылған керекті, керексіз сауық үйлерінің ашылуы отбасының тәрбие беру және әлеуметтендіру қызметін әсер еткенін жасыра алмаймыз. Қоғамдағы келеңсіз көріністер мектеп оқушыларын да айналып кетіп жатқан жоқ. Оның ішінде қазақ отбасыларына тән мәселелер де жиі кездесіп жатады. Осы тұрғыда педагогика ғылымына енген жаңаша бағыт гендерлік білім мен гендерлік тәрбиені қазақтың дініне, тарихына, ұлттық мұраттары мен құндылықтарына салыстырмалы түрде қабылдау қажет.

Гендерлік әлеуметтендіру қоғамдағы балаларды өз жынысына сай ерекшеліктерді білу, осыған сай әрекет ету және басқа жыныстардың ерекшеліктерін біле отырып, қарым қатыстарының дұрыс реттелуіне бағыт бағдар беру болып табылады.
Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер - азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет. Ер мұғалімдердің тәрбиесі ұлдар үшін ғана емес, қыздар үшін де керек. Себебі, қыз балалар мектептегі ер азаматтарды үлгі тұтады. Ал ер балалар ер азаматтарға қарап бой түзейді. Солардай болуға талпынады. Киім киюді, өзін ұстауды, сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ер мінезді, өр мінезді, намысшыл болып тәрбиеленді.

Жағыз басты аналар балаларына бар жағдайды жасағаны мен бәрібір әкенің әңгімесін айта алмайды, әкенің тәрбиесін бере алмайды. Ер адам аз сөзбен ақ қас қабақпен ақ көп нәрсені ұғындыра алады.
Психологиялық тұрғыдан алатын болсақ ер балалар мен қыз балалардың физиологиялық та, психологиялық та дамуында айырмашылық бар. Біз бір сыныптағы балаларға бірдей талап қойғанымызбен табиғи дамуға қарсы тұра алмаймыз. Мысалы, 6 - 7 сыныпта қыз балалар өз сыныптас ұлдарға қарағанда физиологиялық жағынан дамып жетіліп болады. Осыған сай психологиясы да өзгереді. Ал біздегі білім беру мен тәрбиедегі қойылар талап бірдей. Әйел мұғалімдердің сөзі мен талабын тез түсінгендіктен, олар тезірек бейімделе бастайды, сондықтан мектепте ер балаларға қарағанда қыздар белсендірек. Тіл табысуға оңай болғандықтан мұғалімдер де қыз балаларды қоғамдық жұмыстарға көбірек жұмсайды. Қыздар балалардың қатыгездігін, сондай ұлдардың қателігін көріп мұғалімдерге жеткізуге асығады. Қателігін көріп, ескертуді көп алу, баланың құлшынысы мен ықыласын жояды. Сондықтан да болар, бізде жоғары сыныптарда ер балалардың сабаққа деген ықыласы төмен. Қоғамдық жұмыстарға да қыз балалар сияқты құлшыныс танытпайды.

Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары. жүктеу
4 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
Мектептегі гендерлік, ұлттық тәрбие беру жүйесі
Мектептегі гендерлік, ұлттық тәрбие беру жүйесі
Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басшылыққа алатын тәрбиедегі басты құндылықтар деп: Адам, Отбасы, Отан, Туған өлке, Денсаулық, Салауатты өмір салты, Еңбек, Білім және Мәдени мұра көрсетілген.
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Отбасындағы тәрбие түрлері  және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Тлеуова Роза Жолбайқызы №30 «Ұрпақ» МДҰ әдіскері Ақтөбе қаласы Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×