Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің жауапкершілігін сезіне, түсіне білу.
Тәрбиенің тиімділігі және дұрыс қолдана білу жолдарын түсіндіру. Ата - ананың білімдерін көтеруге көмектесу

«Тәрбиелеуде негізгі орын әрине отбасыға беріледі, бірақ мемлекетте бұл мәселеден шет қалмауы керек.» Н. Ә. Назарбаев

Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды, соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканың қарқынына ілесу қиыншылығынан, жұмыссыздық көбейіп көптеген отағалар жұмыссыз қалды, аналар базар аралап, әкелердің беделі төмендеп көптеген отбасыларында бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтарға әкеліп соғуда. Соның салдарынан ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, тәрбие сапасының құлдырап кетуіне әкеліп соқты.

Қазіргі отбасында балаға ерекше назар бөліне бастады, бірақ кейбір отбасылар шектен шығып жатады. Беріліп жатқан тәрбиенің дұрыс, бұрысын білмей адасып жатады. Соның салдарынан мінез - құлықтары ашушаң, тілазар, өз дегендерімен жүретін т. т түсініксіз мінезді балалар осындай тәрбиенің жемісі болып отыр. Сондықтан, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе баламен бірге ата - ананы сапалы бірге тәрбиелеу.

Сапалы отбасылық тәрбие ата - ана мен ұстаздардың, мектеп психологтарының, басқа да оқушылармен жұмыс жүргізетін мамандардың бірлесіп кіріскен күштерсіз мүмкін болмайды.
Біріншіден, балаға отбасы мен мектептің қоятын талаптары, ұстанымдары, тәртіптік нормаларды білдіре отыра, бір - біріне қарама - қайшылықта болмауға тиісті. Ата - анаға мектеп тәрбиесі туралы оң пікір қалыптастыру, ата - анамен тығыз байланыста болу.

Екіншіден, тіпті жақсы көретін және бала тәрбиесіне басты назар аударушы ата - аналар өз білімін көтеруге мұқтаж болады, оған білім беруші мекемелердің қызметкерлері ұтымды түрде көмек бере алады. Олар мына сіздер, барлығымыз, қай жерде жүрсек те мектеп тәрбиесі туралы оң пікірде болуымыз тиіс.
Ата - ананы тәрбиелеу – ол ата - аналардың өз қызметтерін орындауға көмек көрсету
Мақсаты - өзіндік ата - аналық сезімдері мен мақсаттарын сезіне білуіне және өзінің сүйікті баласының үйлесімді тұлға болып қалыптасуы үшін қайсы бірін бақылап, түзету мен енгізуге қабілетті болуына көмектесу.
Отбасындағы ата - ана мінез - құлқы стилдері және оның балаға тигізетін әсері

Отбасылық тәрбиенің индифференттік түрі - Немқұрайлы тип - мұндай ата - аналар балалары үшін ешқандай шектеулер қоймайды, өзінің жеке басты мәселелерімен айналысып жүреді және қарым - қатынасқа жабық болады. Оларды баланың ішкі жан дүниесі қатты толғандырмайды, олардың ойынша егер баланың тамағы тоқ, киімі бар болса, мектепке барып отырса ата - ана парызы орындалады деп ойлайды. Олар баланы жазалай отырып, сол жерде - ақ ынталандырады, тек қана бала ата - анасына кедергі болмаса болды. Басты тәрбиелік әдіс - қамшы мен аялы алақан.
Салдары: мұндай балаларда құпия көп болады, үнемі сақ болып жүреді, өз ойы болмайды, адамға шын көңілмен жаны ашып, аяушылық білдірмейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 174
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары
Мектепте гендерлік тәрбиелеуді ұйымдастыру жағдайлары
Еліміз егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде қоғамда көптеген өзгеріс болды. Сол өзгерістер туғызған соны жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі.
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
Отбасында бала тәрбиелеу өте маңызды мәселенің бірі Бала тәрбиелеу тек жанұяға ғана емес, қоғамға да қатысты. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті.
Балалық шағың - патшалық тағың
Балалық шағың - патшалық тағың
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Изтаева Айтолқын Әділханқызы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×