Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Психологиялық КТК

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
«Психологиялық КТК»
Мақсаты: топтық ішкі қарым - қатынасты дамыту, топтық іс - әрекетті қалыптастыру, басқа адамдардың көзқарасымен келісе білу. Сенімділікті, бірлікті арттыру, топты және әр қатысушыны сезіну.
Қажетті құрал - жабдықтар: қағаз, қалам, фломастерлер, боялар, түрлі - түсті және жай қарындаштар, сезім түрлері жазылған карточкалар, көк және қызыл түсті карточкалар, теледидар және сөздер жазылған қағаздар.
Әр командада 10 адамнан болады.
КТК - ны бастамас бұрын қатысушы команда мүшелерімен бой сергіту жаттығуларын жүргізу.

1 - Жаттығу «Қырықаяқтың жүгіруі»
Жаттығу барысы: Бой - бойымен бір қатарға тұру. Ең бірінші тұрған ойыншы сол қолын аяғының арасынан өткізеді. Артында тұрған қатысушы оның қолын оң қолымен ұстап, сол қолын аяғының арасынан өткізеді. Қалған қатысушылар да осылай жалғастырады. Міне, толық шынжыр пайда болды. Енді шынжыр бұзылмастай етіп, мұқиятты түрде бөлме ішінде шеңбер жасап қозғалады.

2 - жаттығу «Амандасамыз»
Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.
Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шщапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір - бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен..., арқамен.

3 - жаттығу «Кім, не...».
Жаттығу барысы: Қатысушылар орындыққа отырады.
Жүргізуші: Кімде не болса, сол орнынан тұрады. (Қатысушының бойындағы ерекше қасиеті, сүйікті істері, тамақ және т. б.)
Мысалы: кім өзін күштімін десе, сол орнынан тұрсын. Жаттығу осылайша жалғаса береді. Әрі қарай соңғы тапсырма: «Кім қызыл түсті карточка алса, олар менің сол жағыма, ал кім көк түсті карточка алса, олар менің оң жағыма тұрыңыздар.» Міне, екі команда құрылды.
Енді әділқазы алқаларын таныстыру. Әділқазы алқасы құрамында 3 адам болуы шарт. Әділқазы мүшелеріне арнайы дайындалған хаттама беріледі.
Әділқазы алқаларының міндеті - көңілді атмосфера орнату, баллдарды санау, командалардың конкурстық қойылымдарына өз пікірлерін білдіру, уақытты есептеу және жанкүйерлердің тәртібіне көңіл бөлу.

І конкурс «Команданы таныстыру».
Жүргізуші: Сіздер өздеріңізді нағыз командамыз деп ойлайсыздар ма? Бірақ, олай емес. Сіздер нағыз команда боласыздар, егер команданың капитаны болса, команданың атауы болса және суреті болған жағдайда.
Тапсырма: 15 минут ішінде команда капитанын тағайындауларыңыз және команданың атауын, суретін ойлап табуларыңыз қажет.
Әділқазы алқалары команданың ауызбіршілігіне көңіл аударуларыңыз қажет.
Мен сіздердің ауызбіршілігі зор команда екендіктеріңізді дәлелдеулеріңізге тілектеспін.
Командалар дайын болғанша, жанкүйерлермен ойын ойнау.
1 - жаттығу «Сурет бірлігі»
Барысы: Әр отырған оқушы өзі салғысы келген бейнені өздері ойлап табады. Бірінші отырған оқушыға таза бет, қарындаш беріледі. Ол суретті бастап сала бастайды. Мен «тоқта» деген кезде ол салып жатқан суретін тоқтатып, келесі оқушыға береді. Ол суретті өз қалауы бойынша жалғастырып салады. Осылайша ойын соңғы отырған ойыншыға дейін жалғасады.
Жүргізуші: уақыт аяқталды. Енді сөз кезегі командаларға беріледі. Әр командаға таныстыру үшін 2 - 5 минут уақыт беріледі. Бұл конкурсқа қойылатын жоғары ұпай - 3. Таныстыру аяқталғаннан кейін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

«Қарсыластармен амандасу»
Жүргізуші: Менің қолымда «Сөйлейтін таяқша» бар. Ол сіздерге бір - бірлеріңізбен амандасуға көмектеседі. «Сөйлейтін таяқшаны» бір - бірлеріңізге беру арқылы жылы лебіздеріңізді командаға немесе мүшелеріне айтуға болады. (Амандасу бағаланбайды.)

ІІ конкурс «Сергіту»
Жүргізуші: Біз КТК - ны жалғастырамыз. Біздің келесі конкурсымыз «Сергіту» деп аталады. Бұл конкурста команданың бірлігі бағаланады.
1 - тапсырма «Есептеу»
Жүргізуші қазір мен бір сан айтамын, белгі берген кезде командадан сонша адам орнынан тұруы шарт. Орындарыңызға мен «Рахмет» дегеннен кейін ғана отырасыздар. Ендеше бастайық 3.., 5.., 1.., 2.. және тағы басқа. Жақсы көрсеткіш көрсеткен командаға 1 балл қойылады.
Әділқазы алқаларының міндеті - командадағы орнынан тұрған адамдардың санына, яғни аталған санға сәйкес команда мүшелері орындарынан тұрды ма, соған көңіл бөлу қажет.
2 - тапсырма «Көрсет».
Жүргізуші: Қолымызды жоғары көтеріп, сұқ саусақ көрсету. Белгі бойынша қолымызды түсіріп, команданың бір мүшесін көрсету. Қолымызды қалыпты жағдайға мен «Рахмет» деп айтқаннан соң ғана келтіреміз. 4 рет қайталанады. Егер командадағы бір адамды бірнеше адам көрсеткен болса, сол командаға 1 ұпай беріледі.
3 - тапсырма «Мұқият тыңда».
Жүргізуші: Команда мүшелерінің бәрі залдан шығарылады да, тек бір ғана оқушы қалдырылады. Залда қалған команда мүшесіне мәтін оқылады. Бұл мәтінді ол команда мүшесінің залға кіргізілген мүшесіне сол қалыпта айтып беруге тырысуы керек. Осылайша команданың соңғы мүшесі кіргенше жалғасады. Мәтіннің мазмұнын дәл жеткізе білген командаға 2 ұпай беріледі. Қатысушылардың бәрі келгеннен кейін мәтін толық оқылып беріледі.
1 - мәтін. Біздің сынып жетекшіміз Гүлшат Тулешовна бүгінгі тәрбие сағатының болмайтынын хабарлады, себебі 10 сәуір күні сағат 1400 - де жоғары сынып оқушылары үшін арнаулы оқу орнының өкілімен «Кім қайда оқуға барады?» атты тақырыпта кездесу болады. Тәрбие сағаты қашан өтетінін тәрбие ісі меңгерушісімен келісе отырып, хабарлайды.
2 - мәтін.
Жанерке келді. Ол мектепте біраз уақыт болатынын айтты, себебі орыс тілінен сынақ тапсырады. Өйткені, оның тоқсандық бағасы 4 пен 5 болып талас болып тұр. Ол сағат 1500 - де болатын жаттығу басталғанша қайтып оралуы керек. Егер кешігіп қалса, онда тренеріне сабақтың күнтізбесінің өзгергенін хабарлап айтуы қажет.
Енді «Сергіту» конкурсының қорытындысын жариялау үшін әділқазы алқасына сөз беріледі.

ІІІ конкурс «Шығармашылық».
Жүргізуші: Келесі конкурсымыз «Шығармашылық» деп аталады. Бұл конкурста команданың фантазиясы, шығармашылдығы, көрсететін жұмыстарының ерекшеліктері және әрине команданың бірлігі бағаланады.
1 - тапсырма «Ерте, ерте, ертеде...»
Жүргізуші: әр командаға сөздер қатары беріледі: аула, ағаш, жаңалық, егістік, өзен, халық. Команда осы сөздерді пайдаланып, әңгіме немесе ертегі құрастырулары шарт. Берілген сөздердің бәрін пайдалану қажет. Уақыты - 15 минут. Уақыт аяқталғаннан соң әр команда өз жұмыстарын оқиды. Жоғары ұпай - 4 балл.

Командалар дайын болғанша жанкүйерлермен ойын ойнатылады.
Ойын: «Заттың қолданылуы»
Ойын барысы: Мен бір затты атаймын, сіздер сол затты қалай және қайда пайдалануға болатынын айтуларыңыз керек. Мысалы: моншақ, кітап, газет, шарф, суқұйғыш, машина және тағы басқа.

2 - Тапсырма «Сезімді суреттеймін».
Жүргізуші: команда капитандары ортаға шақырылады, сезім түрлері жазылған карточкалардың біреуін таңдап алады. Команданың міндеті - сезімді сурет арқылы көрсету және осы сезімге байланысты кішігірім қойылым көрсету. Уақыты: 20 минут. Уақыт аяқталған соң әр команда өз жұмыстарын көрсетеді: сурет, қойылым. Жоғары ұпай - 4 балл.
Сезім түрлері: махаббат, қайғы, таңқалу, жеккөру, қуану.
Командалар дайын болғанша жанкүйерлермен ойын ойнау.
Ойын: «Сөзден сөз құра»
Барысы: Сіздерге бір сөз беріледі. Сол сөзден кім көп сөз шығарса, сол жеңіске жетеді.
«Шығармашылық» конкурсының қорытындысын хабарлау үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
Соңы.
Командалардың сыйлығы.
Жүргізуші: Ойынымыздың соңында мен командаларға шындыққа жатпайтын естелікке ерекше сыйлық беруді тапсырамын. Ол сыйлық туралы сөзбен айтудың кажеті жоқ. Оны сөзсіз, мимика, қозғалыс арқылы көрсету керек. Келесі команда оларға берілген сыйлықтың не екенін табу керек.
Енді, әр команда өздерінің бір - біріне деген сенімділіктерінің, бірліктерінің жоғары екенін және сол арқылы бақытты екендіктеріңізді көрсету үшін «Біз бір - бірімізге сенеміз!» атты ойын ойнаймыз.
Барысы: Команда мүшелеріне сәйкес айналдыра орындық қойылады. Топ мүшелері орындыққа отырып, бір - бірінің тізелеріне жатып, қолдарынан ұстайды. Содан кейін орындықтар алынып тасталады. Топ мүшелері дөңгеленген қалыпта 10 - ға дейін тұрулары керек.
Міне, біздің «Психологиялық КТК» конкурсымыз аяқталды. Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
Әділқазы алқасы конкурстың қорытындысын және бүгінгі конкурс туралы өз ойларын айтып, мадақтамаларды тапсырады және команданың кейбір мүшелеріне медаль тапсырылады.
- Нағыз көңілді қатысушы;
- Нағыз салмақты қатысушы;
- Сен біздің тірегімізсің.
Әділқазы алқасы сондай - ақ жанкүйерлерді де мадақтайды.
- Нағыз белсенді жанкүйер
- Нағыз шулағыш жанкүйер
- Әділдік үшін күресуші.
Міне, құрметті ұстазадар, оқушылар, біздің бүгінгі «Психологиялық КТК» конкурсымыз аяқталды. Конкурсқа қатысып, белсенділік көрсеткендеріңізге көп - көп рахмет.
«Біз біргеміз, сондықтан біз бақыттымыз!»
11 516
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сіздің көңіл - күйіңіз қандай? (дамыту сабағы)
Сіздің көңіл - күйіңіз қандай? (дамыту сабағы)
Оқушылардың өзін - өзі тану себептерін туындату. Өзін - өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру, көңіл - күйлерін реттеу.
Психологиялық тренинг: Мұғалім бейнесі
Психологиялық тренинг: Мұғалім бейнесі
Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, психологиялық ахуал тудыру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар
14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар
14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Тренинг тақырыбы: Біз - біргеміз, берік іргеміз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×