Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күй (реферат)

31 қаңтар 2012, Сейсенбі
Категориясы: Рефераттар
Дәстүрлі күйшілік өнер

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан - жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз - ертегілер («Мұңлық - Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т. б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз - күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен, рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.

Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан - теңіз.
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән - күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік - шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.

Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық, жеті қазына дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден делінеді. «Жетіген» деген атау тегінде «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.

Шертер – шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспапиарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді.
Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.
Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар.

Қомуз – ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Сырт пішіні алмұрт тәрізді. Мойны ұзын, құлағына үш сым ішек тағылады. Ойнау әдісі түрліше болады. Суырыпсалма ақын - жыршылар өз шығармаларын қомузбен сүйемелдей отырып айтады.

Шаңқобыз – бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасыда сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.

Сыбызғы – қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай – үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама - қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.
17 691
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Күй және симфония
Күй және симфония
Күй дәстүрінің өміршеңдігі мен Қазақстандағы симфониялық өнердің дамуы жайлы әңгімелеу. Балаларға домбырада ән - күй орындаудағы шеберліктерін, әдіс - тәсілдерін шыңдау.
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Дәстүрлі күйшілік өнер
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Оразова Алтынай Махметжановна
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Аспаптық музыка
Аспаптық музыка
Шымкент қаласы, № 42 Хамза атындағы жалпы орта мектебі музыка пәні мұғалімі Мараимова Ақбота
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×