Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натюрморт композициясын құрастыру

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт композициясын құрастыру
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1. Оқушыларға натюрморт құрастыруды, қағаз бетіне үйлестіруді үйрету.
2. Графикалық сызықтар арқылы заттардың көлемі мен пішінін салу қабілеттерін дамыту.
3. Графикалық өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Түрлі - түсті қарындаштар, өшіргіш, альбом.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Барысы:
І. Ұйымдастыру:
Керекті құрал - жабдықтарын әзірлеу.
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күні!
Көгілдір көк аспан
Бармысың құстарым
Қанатты достарым
Жайқалған даланы,
Табиғат ананы
Көруге сағынып,
Келген біз баламыз.

ІІ. Сабақ мақсатын хабарлау
Сөзжұмбақ «Натюрморт»

ІІІ. Жаңа сабақ:
Адамдар көбінесе айналасындағы заттардың әсемдігін байқамайды.
Суретші олардың сұлулығын өзі ғана байқап қоймай, басқалардың да оған назарын аударып, сұлулығына тамсануына мүмкіндік береді. Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейленелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАЮРМОРТ деп аталады. Натюрморт бейнеленетін заттарына байланысты күрделі болу мүмкін немесе бір, екі ғана заттардан құралады. Кейде натюрморттың мазмұнына сәйкес оның кейпі, жан - жануарлар бейнеленуі мүмкін.
Суретші мақсатының бірі - натюрмортта белгілі бір көңіл - күйді бейнелеу.
Кез - келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады.

Сергіту сәті
Күркіреді күн, күн,
Терезелер шың - шың.
Жауды жыңбыр топ - топ,
Шелек - шелек көп - көп.
Жон арқаңды тос - тос,
Күнбағыс тез өс - өс!
Енді, балалар, алдымыздағы көкөніс, жеміс - жидектерден үйлестіріп, өз бетімізше натюрморт құрастырайық.
Енді натюрмортты өзіміз орындайық. Біз құмыраны және қасында апельсин бейнелейміз. Ең бірінші заттарды қағаз бетіне дұрыс үйлестіреміз. Әр заттың конструкциялық ерекшеліктерін естен шығармаймыз. Жай қара қарындашпен негізгі суретті орындаймыз. Қате жерлерін өшіргішпен өшіреміз. Суретті мұқият болғаннан кейін түрлі - түсті қарындашпен бояуға кірісеміз. Күннің қай жақтан түсіп тұрғанын, көлеңке жағын естен шығармаймыз.

ІҮ. Қорытынды: Біз натюрмортты түсінуге тағы қадам жасадық. Бәрі қалағанымыздай шықпай жатыр, дегенмен сендер өнерді және де заттар әлемін жақсы түсінетін боласыңдар.
Суреттерінен көрме ұйымдастыру, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Бір, екі заттан құралған натюрморт салу.
9 069
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанрын біледі, сала алады, заттардың орналасуын салыстырады. Натюрморт жанрын анықтайды, композициялық шешімін талдау арқылы жинақтайды.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт
Натюрморт
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға натюрморт ұғымын қайталата отырып, толық мағлұмат беру. б) Натюрморт салдыру арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×