Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натюрморт

03 қазан 2015, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері сызу, технология пәндерінің мұғалімі Мира Кумаржанова

Бейнелеу өнері 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға натюрморт ұғымын қайталата отырып, толық мағлұмат беру. б) Натюрморт салдыру арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.
в) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Оқу плакаттары.
Қажетті құралдар: Сурет салуға арналған альбом, әр – түрлі бояулар т. б.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа сабақ: Натюрморт жанрын француздар «өні табиғат» десе, немістер мен ағылшындар «қозғалмайтын өмір» немесе «тыныштық» деп атайды. Натюрморт XVII ғасырдан бастап жанр ретінде қаранды. Өнердің бұл жанр түрі «кіші голландықтар» деген атпен жарыққа шықты. Жанрдың осылай аталуы орындалған жұмыстың кішкене көлемде орындалуыма, әлде «тыныштықтағы заттар» деген атына байланысты ма, бұл жанр сондай маңызды болмады.
Кіші голландықтар үстелдегі әдемі тағамдарды, заттарды, әдемі ыдыстардың суретін салуды ұнатты. Олар натюрморт жұмыстарын «таңертеңгі ас» жеп жиі атады. Голландықтар сондай сүйіспеншілікпен салған заттарын картиналарында көрсете білді. Мына заттарды ар жағындағы дүниелердің көрінуі, темірдің жылтыны, жапқыштағы қыртыстар, кесілген жемістерді, аң – құстарды тұп – тура шынайы өмірдегідей етіп көрсетті. Олардың ұқсастығы соншалық заттың өзі екен деп қаласың. Натюрморт жанры негізінде жаңа суретпен айналысып жүргендерге өте қолайлы. Натюрморттан суретті қарап салып үйренуге болады. Заттың пішінін, әрбір бөлшектерін өз суретіңмен салыстырмалы түрде қарап салуға өте қолайлы. Ал пейзаж жанрында табиғат мезгілінің өзгеріп тұруына байланысты сурет салып үйрену қиынырақ салған натюрморттары көрерменге ой тудырса, сол шығарма маңызды деп санайды. Мысалы, бір заттан орындалған кесе суреті, тіпті ол әдемі болса да, натюрморт болып есептелмейді. Егер кесенің қасына торт және гүл қойып суретін салса, онда ол үлкен мазмұнды, тақырыпқа байланысты орындалған натюрморт болып есептеледі. Мысалы: «Мейрам», «Туған күн» т. б.
Қазіргі кезеңде Қазақстан суретшілері натюрморт жанрынан көптеген картиналар салып, қазақ дәстүрін шетелге танытты: Олар: Айша Ғалымбаева, Гульфайрус Ысмайылова, Т. Тоғысбаев, С.Айтпаев, М. Нұрлыбаев т. б. суретшілер.

Қорытынды: Осы сабақты қорытындылай отырып, тақырып бойынша, 119 – суретте көрсетілген, әр – түрлі натюрморттарға қарап, сол натюрморттардың біреуін сурет дәптерлеріне салғызу.
Үйге тапсырма: Натюрморт тақырыбын оқып, сыныпта бастаған жұмыстарын аяқтап келу.
10 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанрын біледі, сала алады, заттардың орналасуын салыстырады. Натюрморт жанрын анықтайды, композициялық шешімін талдау арқылы жинақтайды.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Натюрморт
Натюрморт
Қызылорда қаласы №11 орта мектептің сурет және сызу пәні мұғалімі Қонкаев Манарбек
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×