Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы пейзаж

28 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Мақсаты: Қысқы табиғат көрінісін көре білуге баула. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету.
Дамытушылық: бояу түстері арқылы оқушылардың ой өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету.
Тәрбиелік: табиғат көріністерін бейнелей отырып табиғатты аялауға, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: қыс көрінісі бейнеленген плакаттар, суреттер, интерактивті тақта, слайдтар. Құралдар: форматА4, бояулар, қарындаш, қылқалам.
Түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап. бейнелеу жұмыстары, ойын элементтері, блум таксономиясы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, жаратылыстану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. 2 – мин Амандасу, түгендеу. Топқа бөлу.
Психологиялық дайындық. Күндей жарқырап, айдай арайлап, жұлдыздай жадырап, судай таза көңілмен сабағымызды бастаймыз.

II. Білу. Үй тапсырмасын тексеру. 2 - мин «Көпір» (Сұрақ - жауап арқылы өткен тақырыптарды тексеру)
1. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?(графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, дизайн)
2. Құрастыру, үйлестіру қалай аталады?(композиция) 3Бейнелеу өнерінің жанрларын ата? (натюрморт, портрет, пейзаж, анималистік) 4Симметрия, асимметрия дегенді қалай түсінесің? 5 Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі қалай аталады? Жұмыстарын қарау. Жеке қабілетті оқушыларға тапсырма берілген. (жұмыстарын тақтаға іліп қорғау)

III. Түсіну. Жаңа сабақ. 5 - мин Ребус шешу.(қызығушылығын ояту) Жауабы: Пейзаж. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: пейзаж. Пейзаж дегеніміз не? (табиғатты бейнелеу) Ал табиғат дегеніміз? (бізді қоршаған орта) Табиғаттың өзгеруі неге байланысты?(табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне) Жыл мезгілдерін, айларын кім атайды? (күз, қыс, көктем, жаз, ай аттарын атау) Қазір қай мезгіл?(қыс)

Мұғ: Бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталамыз. Қыс қызықтарын не жетсін? Достарыңмен уақытты көңілді өткізетін тамаша ғой. Олай болса кәне қыста қандай ерекшеліктер, қызықтар болады, бөлісейік.(оқушылардың ойлары. Қар лақтырып ойнау, аққала жасау, шанамен сырғанау, аққала жасады) 17 - ғас бастап пейзаж жеке жанрға айналды. Қытайда Жапонияда, Европада дамыған. Пейзаж - табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарма.(Қыс туралы бейнефилмге назар аударайық 2 - мин)

IY. Қолдану. Өзіндік жұмыс. 20 - мин(Үш топқа конверт үлестіріледі. Өлең жолдарын оқып, қандай уақыт екенін тауып сурет салу) I - таңғы II - күндізгі III - кешкі (Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, салған суреттерін тексеріп, көмек керек болса көмектесу) Сурет салу неше кезеңнен тұрады (3 кезеңді еске түсіру)
1 - тапсырма «Қылқалам шебері» «Жұптық тапсырма»
2 - оқушы Балықтың суретін түрлендіріп, жалғастырып салу.
2 - оқушы Тақтада түрлі - түсті бормен пейзаж салады
2 - оқушы А - 4форматқа «Өзің бояп ал»деген шығарма беріледі. Түстік шешімін тауып бояу керек.
2 - оқушы Сурет беріледі соған қарап шағын әңгіме құрастыру.
2 - оқушы А - 4форматқа қиылған суреттерді құрастыру арқылы пейзаж жанрын апликациялау.
2 - оқушы Үйдің суретін түрлендіріп, жалғастырып салу.
2 - оқушы Қыс туралы эссе жазу.
2 - оқушы Гүлдердің суретін түрлендіріп, жалғастырып салу.(Сергіту сәтін орындау)

2 - тапсырма «Тізбек» Абай Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңін жатқа жалғастырып түгел айтып шығу керек.

Y. Талдау Мәтін бойынша елестетіп сурет салу.

YI. Жинақтау. «Сәйкестендіру» тесті Жеке жұмыс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 327
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Бейнелеу өнері түрлерін жанрларын ажырата білуге, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын кішірейіп көрсетуді, әрі қатесіз салуға үйрету.
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.
Пейзаж және портрет жанрлары
Пейзаж және портрет жанрлары
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, И Искандеров атындағы орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Кейинова Чолпаням
Пейзаж. Қыс көрінісі
Пейзаж. Қыс көрінісі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі Оразова Эльвира Мендикызы
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×