Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пейзаж - табиғатты бейнелеу

17 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Тақырыбы: Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Сабақтың мақсаты: Пейзаж туралы мағлұмат беру
Міндеттері:
Білімділік: Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Живопись өнері әрі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету. Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, үйрету, көрсету. Сабаққа керекті құрал жабдықтар: Мұғалім үшін: Интерактивті тақтадағы слайдтар, альбом, сурет салудың бірізділігі көрсетілген кесте. Оқушы үшін: Альбом, қарындаш, палитра, бояу, қылқалам.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындау кезеңі
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
ІV. Жаңа білімді бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма

ІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындау кезеңі Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын репродукцияларымен бірге слайд арқылы сұраймын. 1. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? 2. Графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не? 3. Бейнелеу өнер түрлеріне, орындау тәсіліне, мазмұнына байланысты қандай жанрларға бөледі? 4. Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелеген көркем шығарма.(Натюрморт) 5. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (Портрет) 6. Су әлемін бейнелейтін жанрды қалай атайды? (Маринистік) 7. Белгілі оқиғаны бейнелейтін шығарма. (Тарихи) 8. Хайуанаттар мен жануарларды бейнелеген көркем шығарма. (Анималисттік)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. Ә. Қастеевтың пейзаждық жанрға орындалған «Биік таудағы мұз айдыны», «Медеудегі мұз айдыны» атты көркем шығармаларын интерактивті тақтадан көрсету арқылы пейзаж туралы не білетіндігін сұрай отырып, түсіндіру. Пейзаж – табиғатты бейнелеу. Пейзаж – француз сөзі, бұл қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелеу деген сөз. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктері болады. Мысалы: Қыс көрінісі далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтақтары қисық болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық, күлгін. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі түсті реңкке бөленеді. Міне, осындай әсерлі көріністерді суретшілер қалай бейнелеген. Суретші Ә. Астеевтің «Биік таудағы мұз айдыны» атты шығармасына назар аударып көрейік.

Пейзаж - табиғатты бейнелеу. жүктеу
7 094
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Бейнелеу өнері түрлерін жанрларын ажырата білуге, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын кішірейіп көрсетуді, әрі қатесіз салуға үйрету.
Пейзаж – табиғатты бейнелеу (Гратаж техникасы)
Пейзаж – табиғатты бейнелеу (Гратаж техникасы)
Оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу. Гратаж тәсілімен таныстыру.
Табиғат әсемдігі
Табиғат әсемдігі
Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру. Туындылардағы әсемдікті сезіндіру, балалардың бойында сурет салуға деген қызығушылықты ояту
Пейзаж және портрет жанрлары
Пейзаж және портрет жанрлары
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, И Искандеров атындағы орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Кейинова Чолпаням
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×