Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пейзаж – табиғатты бейнелеу (Гратаж техникасы)

22 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Пейзаж – табиғатты бейнелеу (Гратаж техникасы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу. Гратаж тәсілімен таныстыру.
Дамытушылығы: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: әңгімелеу, үйрету, көрсету, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, слайдтар, фотосуреттер
Құрал - жабдықтар: альбом, гуашь, ыдыс, қылқалам, суретшілердің шығармалары, майшам, ине т. б
Сабақтың түрі: Пәнаралық байланыс (география, химия, тарих, жаратылыстану т. б)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырманы тексеру
ІІI. Жаңа білімді меңгерту кезеңі
IV. Жаңа сабақты меңгерту
V. Сергіту сәті
VI. Жаңа білімді бекіту
VII. Қорытынды. Тірек - сызба
VIII. Оқушыларды бағалау

(Рефлексия) – Балалар! Қанеки, барлығымыз шеңбер жасап, бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, жақсы тілектер айтыңдаршы (Барлық бала бір бірінің қолынан ұстап, тілектер айтады)
Кезекшіден жоқ балаларды сұрап, журналға белгілеймін де балалардан орындарына отыруды сұраймын. Егер сабаққа дайын болса қолдарын көтеруді сұрау (Барлық бала дайын екендерін қол көтеру арқылы көрсетеді)

II. Үй тапсырмасын тексеру.

(Натюрморттың суретін әр түрлі қисық қиықтарға бөліп, осы қиықтардың артына тапсырмалар жазамын, ал оқушылар жауап бере отырып, қиықтардан өткен тақырыптың суретін шығарады) 1. Табиғаттың бейнесін салуды (Пейзаж) 2. Жансыз заттарды бейнелеуді (Натюрморт) 3. Адам келбетін бейнелеуді (Портрет), қиықтардан натюрморттың салынған суреті жинап, жәй тақтаға ілінеді

III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау. Интерактивті тақтаға бейнелеу өнерінің түрлері жазылып, суреттері көрсетіледі
- Бүгін бейнелеу өнерінің бір түрі - «Пейзаж» тақырыбын гратаж техникасымен орындаймыз. (деп балаларға хабарлаймын)
Гратаж - ол белгілі бір суреттерді қыру тәсілімен саламыз.
Гратаж – «қырып» (цап - царап) салынатын тәсіл деп, орындалу ретін слайд арқылы көрсетемін.(Оқушыларға мұқият қарап отырып, естеріне сақтауды сұраймын)

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.
Сұрақ – жауап арқылы Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарманы қандай жанр түріне жатқызамыз? (Пейзаж).
Пейзаж – табиғатты бейнелеу. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Мысалы: қыс көрінісі - далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтақтары қисық болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық, күлгін. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі - түсті реңкке бөленеді. Боялардан көбіне қыс мезгілінде басым түстер ақ, көгілдір түс, күз айдында басым түс – сары, көктем айында көгілдір, жасыл түстер басым. Дегенмен де бір басым түспен табиғат, дала көрінісі шешілмейді. Әр алуан түстерінің жарасымын тауып, бір түске ортақтасуы, үлесуі керек. Сондықтан оқушыларды жылдың әр мезгілімен таныстыра отырып, ауа райына байланысты сол сәтті көрсете білу керек. Бір күннің өзі бірнеше көріністен тұрады: таңсәрі, түс, кеш, түн т. б. Суретшінің шығармасында табиғи көріністері ерекше шеберлікпен көрсетілген, тіпті суреттің жазықтық бетінде орындалғаның ұмытамыз да, кәдімгідей биік таудағы мұз айдынында жүргендейміз.
Біз бүгін түнгі пейзажға тоқталсақ, түнгі пейзажда толық айдың бұлттар арасынан анық та айқын көрініп тұрғанын, көрген слайдтан байқағандықтарын сұрау. Осы бір сұлу көріністі гратаж техникасымен шығара білуге шақыру.
1. А5 пішімін дайындау
2. Осы пішімге майшамды жағу
3. Дайын болған пішімге қара гуашті тушьпен араластыра отырып жағу
4. Боялған пішімді кептіру

V. Сергіту сәті
(Интерактивті тақтадан әр түрлі пейзаждар көрсету арқылы көзге арналған сергіту сәтін көрсету, өйткені қара мен сары түстен кейін көздері шаршауы мүмкін) (Әрі қарай тапсырманы орындай берулерін сұрау)
5. Үшкір инемен немесе бізбен тек қане сызықтар арқылы суреттер бейнесін салу
6. Канцелярлық пышақпен немесе үшкір затпен толық қырып айдың бейнесін, жердегі құбылыстарды қырып жасай берулерін сұрау

ІV. Жаңа білімді бекіту
Бейнелеу өнеріндегі жанрлардың бірін, яғни Пейзажды гратаж техникасымен салғанымыз туралы айту.

V. Қорытынды. Тірек – сызба.
Оқушылардан не білдік, не түсіндік және табиғат туралы өз ойларын сұраққа жауап айтып тірек – сызбаның қасына жаздыру.

• Табиғатты деген ұғымды қалай түсінеміз?
• Табиғатты қалай бағалаймыз?
• Табиғатқа қандай қамқорлық жасаймыз?
• Табиғаттың қандай болғаның қалаймыз?

VІ. Оқушыларды бағалау.
Әр оқушының суреттерін тақтаға іліп, талдау арқылы бағалау.
5 803
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Бейнелеу өнері түрлерін жанрларын ажырата білуге, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын кішірейіп көрсетуді, әрі қатесіз салуға үйрету.
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып табиғат көріністерін салу; Қағаз бетіне затты дұрыс үйлестіру, түстерді дұрыс таңдап білу;
Табиғат әсемдігі
Табиғат әсемдігі
Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру. Туындылардағы әсемдікті сезіндіру, балалардың бойында сурет салуға деген қызығушылықты ояту
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×