Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Қазақстаным тақырыбында композициялық жұмыс жасау. Композиция

08 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным» тақырыбында композициялық жұмыс жасау. Композиция
Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным» тақырыбында композициялық жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тақырып бойынша композициялық жұмыс жасауды үйрету.
2. Дамытушылық: Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, түс табудағы оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, әр түрлі техникаларда жасалған сурет таблицалар, презентациялар, видео, проектор т. б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда «Менің қалам» тақырыбында композициялық жұмыс жасаған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Қазақстанның астанасы қай қала?
2) Облысымыздың орталығы қай қала?
3) Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
1) Мен балаларға сурет көрсетемін, оқушылар айырмашылығын табуы керек.
2) Қапшыққа бір зат салынады, балалар оны қарамай сипай отырып қандай зат екенін тауып, тақтаға суретін салуы тиіс.
3) Оқушылар кезек - кезек шығып, бірнеше қадам жасайды. Әр қадам басқан сайын бір жанр деп немесе бейнелеу өнерінің түрінен айтады.

«Қазақстан – ұлы Отаным»

Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.

Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсің» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында тұрып жатырмыз. Қазақстандай еліміз болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсек де мақтана аламыз. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 18 млн - ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150 - ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.

Менің Қазақстаным тақырыбында композициялық жұмыс жасау. Композиция. жүктеу
3 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанрын біледі, сала алады, заттардың орналасуын салыстырады. Натюрморт жанрын анықтайды, композициялық шешімін талдау арқылы жинақтайды.
Өрнек түрі
Өрнек түрі
Ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Абай шығармаларына иллюстрация
Абай шығармаларына иллюстрация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы, Ш. Т. Еркінов орта мектебінің сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Қожағали Жеңісбек Қожағалиұлы
Әбіш Кекілбаев "Шыңырау"
Әбіш Кекілбаев "Шыңырау"
Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Анапияева Салтанат
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Сыршырай
Сыршырай
Сыршырай   Сабақтың тақырыбы : 2-3 заттан құралған этюдтты әр түрлі техникада орындау (дымқыл, алла прима). Сабақтың мақсаты:    Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету   Дамытушылық: Палитрадағы әрбір
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×