Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр болсаң, талас жоқ

01 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4-ші сынып оқушыларының арасында «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

-Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жігер» тобы
2 «Болашақ» тобы
3 «Білім» тобы
4 «Достық» тобы

-Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1
2
3

Кіріспе сөз.
Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:

“Қас – қағым сәтте”
“Біліміңді шыңда”
“Мақал-сөздің мәйегі”
“Жеті жұрттың тілін біл”
“Көкпар”
“Сөз шебері”

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
-деп сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз. 1 бөлім “Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

« Жігер » тобы:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.1993 ж)
3. Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
4. Күйді орындаушы адам ( күйші )
5. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)

«Болашақ » тобы:
1. Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
2. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
3. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
4.Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
5. Көру мүшесі не?

« Білім» тобы:
1. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
2. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
3. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)
4. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
5. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)

« Достық » тобы:
1. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
2. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
3. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)
4. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
5. Суретші ата? (ә. Қастеев)

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Өз ойыңды ашық айтып ,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Біліміңді шыңда”сайысын бастаймыз.
Балалар өздеріңіз көріп тұрғандай интерактивті тақтадан тапсырмалары бар ұяшықтар берілген.
Әр ұяшықты таңдау арқылы тапсырманы орындайсыздар.Әр жауап 4 ұпайдан есептеледі. Қай топтың ұпайы көп болса, сол топ бірінші болып таңдайды.

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

ІІІ – кезең “Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет.әр топқа 5 мақал-мәтелден беріледі.Әр мақалға 2 ұпайдан есептеледі.

Ананың көңілі балада, …
Қына тасқа бітеді, ...
Досы көпті жау алмайды, …
Ақыл – тозбайтын тон, ...
Өзге елде сұлтан болғанша, ...

Білекті бірді жығар, ...
Туған жердің күні де ыстық, …
Еңбектің наны тәтті, ...
Бірлік болмай, ...
Туған жердей жер болмас, ...

Оқу – білім бұлағы, ...
Төртеу түгел болса, ...
Ырыс алды - ...
Еңбек етсең ерінбей, ...
Білім қымбат, ...

Отансыз адам - ...
Жақсы туса - ел ырысы, ...
Әдепті бала арлы бала, ...
Үлкенге - құрмет, ...
Жақсыдан үйрен, ...
- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

ІV кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»
Келді кезек жұмбақты да шешуге,
Жауаптарын күштілердің естуге
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
4 ұпай шәкірт саған несібе.

Жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың шешуін қазақ және ағылшын тілінде айтуы тиіс. әр дұрыс жауапқа 4 ұпай.
1) Мұртын сипап күн бойы,
Бетін сусыз жуады.
Тырсылды аңдып күн бойы,
Тышқанды көп қуады. (мысық - cat)

2) Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама (Кітап-book)

3) Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ - dool)

4)Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа - egg)

5) Әрі қызыл, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты. (Алма - apple)

6) Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. ( Пiл - elephant)

V бөлім – «Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Берілген «рақаттанушылық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі .

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

VІ кезең – «Сөз шебері»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшы бір тақырыптан таңдап, 5 минут уақыт ішінде шығарма жазып айтуы қажет. 1-5 ұпайдан есептеледі.
1.Менің елім -Қазақстан
2.Табиғатты аялайық
3.Егер мен президент болсам,...
4.Ана-өмір шырағы

Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.
6 728
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы, М. Сиранов орта мектебінің биология пәні мұғалімі Гүлжихан Сарсенғалиева, Айдана Нұржанова
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Білімің, ұшар қанатың
Білімің, ұшар қанатың
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылы, Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурсеитова Арайлым Кабаровна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Гульсара Кубашевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×