Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді, тапқыштар, білімділер

29 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы,
М. Сиранов орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Гүлжихан Сарсенғалиева, Айдана Нұржанова

Тақырыбы: «Көңілді, тапқыштар, білімділер»
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі М. Сиранов атындағы орта мектептің биология, химия және өзін - өзі тану пәндері бірлестігінің «Шуағы тарқамасын жер бетінің» атты 13 - 17 сәуір аралығында өткізілген апталықтың қорытынды кешіне қош келдіңіздер!
Мақсаты: Оқушыларды биология және химия пәндері бойынша білімдерін жан - жақты дамыта отырып, теориялық - логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларды ойларын еркін жеткізе білуге үйрету және ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, сұрақтар жазылған конверттер, июла ойыншығы, қара жәшік және т. б.
Түрі: зияткерлік ойын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, ойы дамыған,
Үлгі алайық оқушылардан!
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында да айтылған болатын. Осы мақсатпен 9 - 10 - 11 сынып оқушыларының арасында «Көңілділер, тапқыштар, білімділер» атты (Не? Қайда? Қашан?) интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Би: «Көктем вальсі»
Орындайтын: 8 сынып оқушылары
- Ең алдымен сайысқа қатысушы оқушылармен таныстырып өтейін.
-------------------------------
Олай болса мен ойынның шартын түсіндіріп өтейін. Ойынға қатысушылар арасынан өздеріңіз ақылдаса отырып, топ басшысын тағайындап алыңыздар. Барлық мәселені топ басшысы басқарып хабарлап отырады. Интеллектуалды ойын 8 раундтан тұрады. Әр раундқа 8 конвертте сұрақтар дайындалған. Июланы айналдыру арқылы тоқтаған кезде бағдаршаның тұсындағы конверттегі сұраққа дөңгелек үстелдің айналасында отырған сайысқа қатысушылар жауап беруге 1 минут дайындалады. Ақылдаса отырып топ басшысының шешімімен 1 адам дұрыс жауабын баяндайды.
Не тұрыс? Кәне ойынға кірісейік. (музыка)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
I. Раунд
1. Бұл сұрақ Атырау облысы, Индер ауданы, Аққала ауылының тұрғыны Маржан әжейден келіпті. Ал енді сұрақты оқып көрейік.
Бұл өсімдік “1000 аурудың емі” деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын
улы өсімдік. Халқымыз “пәле жаладан сақтасын” деп үйді осы өсімдіктің
түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды...
Бұл қандай өсімдік? (Адыраспан)
II. Раунд
2. Бұл сұрақ М. Сиранов атындағы орта мектептің 2012 жылғы түлегі қазір Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің, Жаратылыстану факультеті, химия мамандығы бойынша 3 курс студенті Маңғыстауова Раушан Тыныштыққызынан келіпті.
1670 ж ағылшын ботанигі Дж. Рей эксперимент жасайды. Онда ол бір ыдысқа қызғылт орман құмырсқаларын салып, оған су құйып, қайнағанша қыздырады және ыдыс арқылы бу жібереді. Буды конденсациялап жаңа қосылыс сулы ерітінді алды. Ол қышқылдық қасиеті бар қосылыс алады. Бұл қандай қышқыл? (құмырсқа қышқылы)
Музыкалық үзінді. Ән. «Ақ көгершін».
Орындайтын: 9 сынып оқушысы Жақсылық Назерке.

III. Раунд
3. Бұл сұрақ М. Сиранов атындағы орта мектептің 2009 жылғы түлегі С. Асфендияров атындағы Мемлекеттік медициналық университеттің интернатурасын оқып жүрген, ақ халатты абзал жан Ділмағанбетова Гүлсанадан келіпті.
Құлдық заманында үстемдік етуші топтар құлдарды өз - ара шайқастырып қызыққа батады екен, жиналған қанышерлер мақсаты қызыққа батып уақыт өткізу. Бұл атаққұмарлар мен әсем киінген бикештердің казір алдарында адам қанының төгілетінімен істері жоқ. Адамның өлімін олар шыбынның өліміндей де көрмейді.
Олардың қазіргі назары тек арена мен алдарындағы аумақты қапшықта. Ері болсын, әйелі болсын әлгі қапшықтан бір затты алып қытырлата шайнап. рахатқа кенеліп отыр, Римдіктер бұл өсімдікті біздің эрамызға дейін 2 мың жыл бұрын білген. Бұл өсімдіктің құрамында А дәрумені және каротин заты бар. Бұл ағзаның өсуіне пайдасын тигізеді. Бұл қандай өсімдік деп ойлайсыз? (Сәбіз)

IV. Раунд
4. Бұл бейнесұрақ. Сұрақ М. Сиранов атындағы орта мектептің I санатты мұғалімі Сарсенғалиева Гүлжахан Мұқымқызынан келіпті. (Жуа)

V. Раунд
5. Бұл сұрақ Алматы қаласынан «Химия мектепте» журналының редакциясынан келіпті.
Медиктер зарарсыздандыру кезінде, тері илеушілер елтірі дайындау кезінде, химиктер шыны дайындау кезінде қандай қышқылды қолданады? (Бор қышқылы)

Музыкалық үзінді. Ән: «Ақ кептерлер»
Орындайтын. 7 ә сынып оқушысы Қайырбаева Шәрбәт.

VI. Раунд
6. Алматы қаласы №122 мектеп – гимназиясының химия пәнін жаратылыстану – математика бағытында оқитын 10 сынып оқушыларынан келіпті.
Қандай элементтердің аты планета атымен сәйкес келеді? Д. И. Менделеевтің периодтық кестесін еске түсіріп көріңдер...
(Уран, плутоний, нептуний)
«Аққу биі».
Орындайтын: 5 а сынып оқушысы -------------------------

VII. Раунд.
7. «Қара жәшікте» жасырылған сұрақтың жауабын табу. Бұл сұрақты М. Сиранов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі Темірболатова Фарида Темірболатқызы жіберген екен.

Аспан айналып жерге түскенде 60 градусқа жететін ыстықта тірі организм ғана емес, қара тастың өзі де еріп кететіндей шақта тұрады. Ғажапты қараңыз! Осындай құмды жерді жарып шыққан, шырыны тамшылаған жасыл өсімдік өсіп тұр. Мына жәшіктің ішіндегі жасырылған сол өсімдікті табыңыз? (Кактус)

VIII. Раунд
8. Индер ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларынан келіпті.
Таңертеңгі асқа отырмай тұрып сіз қандай тұзды пайдаланасыз?
(Тіс пастасындағы кальций карбонаты)

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Зияткерлік ойынымыз өз мәресіне жеткен секілді. Олай болса
команданың топ басшысы 11 сынып оқушысы Айғали Алмагүлге сөз берсек. Алмагүл ойын ұнады ма? Ойыннан қандай әсер алдың?
Алмагүл:
- Маған ойын өте қатты ұнады. Сұрақтар да өте қызықты. Бұл ойыннан сондай жақсы әсер алдым айта аламын.
Ойынға барлық оқушылар белсенді түрде қатысты. Апталыққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.
5 721
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Химия, биология, география» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Елді асыраған - құмаршық
Елді асыраған - құмаршық
Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы, М. Сиранов орта мектебінің мұғалімі Фарида Темірболатова, Айдана Нұржанова
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×