Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарақаттану кезінде көрсетілген алғашқы көмек

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жарақаттану кезінде көрсетілген алғашқы көмек
Мақсаты:
1. Студенттерді жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру;
2. Студенттерді алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру;
3. Достыққа, адамгершілікке, біріне - бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: оқуға қажетті материалдар, жгут, шина, дәрі - дәрмек түрлері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.

Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
- Жарақат алу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Алғашқы көмек деген не?

Жаңа сабақ.
Сұрақтар жинақталып, анықтама шығару.
«Алғашқы көмек – адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек.»
Жарақат түрлерін тақтаға жазу:
Қан кету, сыну, естен тану, улы заттардың әсерінен естен айрылу, күю, электр жарақаты, үсу, газбен улану. (Мағлұматтар алынып, оқытушының көмегімен толықтырылады).

Демонстрация: ширатпа салып көрсету.
Студенттерге жұптасқан түрде ширатпа салу тапсырылады. Оқытушы бақылап, қажет жерінде түзетеді. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданған кезде міндетті түрде қан тоқтататын жгут немесе сол қызметті атқара алатын заттарды қолдану қажет. Студенттерден сол заттардың атаулары сұралады: орамал, белдік, сүлгі, киімнен жыртылып алынған мата, шиыршықталған жіп.

Демонстрация: жгут салу.
- Не себептен жгутты салған уақытты белгілеу қажет?
- Жауабы, 1, 5 сағаттан артық жгутты тартып қойса, аяқ, қол сал болып қалады немесе тіпті ұлпалары өліп кетеді.
Сынық.
Тұтас сүйектің түгелдей немесе шамалап бұзылуы. Сынықтар екі түрлі болады – ашық және жабық.

Алғашқы көмек көрсету.
Зақымдалған сүйекті қозғалмас үшін иммобилизация жолымен қол аяқты шинамен бекіту немесе кез келген соған жарайтын заттармен: таяқты, ағашты пайдалану. Егер ашық сынық кезінде жара болса, оған антисептикалық ширатпа қойылады.

Демонстрация: шина салу.
Студенттерге жұптасып шина қою жұмысын жасату.

Естен тану (талу).
Аяқ астынан аз мерзімге есін жоғалту, жүрек қағысы мен тыныс алуы қалыпты, мидың қанының аздығы байқалады.
- Естен тану қай уақытта болуы мүмкін?
Студенттердің дұрыс жауабын тақтаға жазу.
- Қатты ашуланудан, қорқудан, шаршағаннан, күн өткенде, ашыққанда ыстық бөлмеде ұзақ отырғаннан адам есінен танады.

Алғашқы көмек:
1. Ауру адамды қан басқа құйылу үшін басын төмен қойып, аяғын жоғары көтеру керек.
2. Жылы көрпе жабу немесе керісінше денесін салқындату үшін киімін шешу, омырауын ашу.
3. Терезені ашу.
4. Мүсәтір спиртін иіскету немесе бетіне суық су бүрку.
5. Есінен танған адам ұзақ уақыт өзіне келмеген жағдайда қолдан тыныс алдыру және жабық жүрек массажын жасау.
6. Ауру өз - өзіне келіп ес жинай бастағанда валериан тамшысын беру.

Электрожарақат.
Электрожарақат кезінде адамды тірі алып қалу үшін алғашқы көмектің дер кезінде көрсетілуі аса маңызды роль атқарады. Не үшін резина қолғап кию керек? Естен тану кезінде қолдан тыныс алдыру әдісі қолданылады.
Қолдан тыныс алдыру – күшпен өкпені желдету, өкпеге ауа жіберіп, өкпеден ауаны шығару. Ең көп тараған «ауыздан - ауызға» әдісі.

Демонстрация.
Қолдан тыныс алу әдісін қуыршақты пайдаланып жасалып көрсетіледі. Үш терең тыныс жіберіледі де 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе қуысынан басады. Бірнеше рет қайталайды.

Бекіту. Тестік жұмыс.
1. Алғашқы көмек қай кезде жасалады?
а) ауруханада
б) дәрігер келгенде
в) дәрігер келгенше немесе ауруханаға жеткізгенше

2. Ірі артерия немесе вена қан тамырлары зақымданғанда не пайдаланылады?
а) жгут, киімдер
б) мақта
в) дәрі

3. Сынықтың түрі
а) жабық
б) ашық
в) ашық және жабық

4. Қолдан тыныс алу әдісі қай кезде қолданылады?
а) қан кеткенде
б) естен танғанда
в) сынғанда

5. Қолдан тыныс алу әдісін қалай орындайды?
а) 3 рет терең тыныс жіберіледі
б) кеуде тұсынан басады
в) 3 терең тыныс жіберіліп, 1 минут ішінде 15 рет кеуде қуысынан, өкпе тұсынан басады.

Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау
87 633
0
  • 100
8 дауыс


Жаңалықтар
Медициналық қобшида
Медициналық қобшида
Білімділік: Медициналық дәрі қобдишасымен таныстырып, оқушыларды жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру.
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру.
Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тақырыбы: Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Қарағанды облысы, Саран қаласының №7 мектебінде биология және химия пәні мұғалімі Ермекова Гүлнар Садуақасқызы
Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Қызылорда облысы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның химия-биология пәні мұғалімі: Бердіхалықова Ж.Ә.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×