Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика кабинетіндегі жұмыс тәртібі иен қауіпсіздік техникасының ережелері

17 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Сабақтың тақырыбы: Информатика кабинетіндегі жұмыс тәртібі иен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымдалған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
Программалық - дидактикалық қамсыздандыру: Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру журналы. Өрт сөндіру құралдары. Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: - Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.
- Компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен таныстыру.
- Көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру.
- Төтенше жағдайлардағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру.
Сабақ типі: Практикалық элементтері бар, көрнекілікті көрсетіп түсіндіру сабағы.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:
- ЕТ - пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
- Компьютер сыныбындағы іс - әрекет ережелерін;
- Қауіпті жағдайдағы іс - әрекет ережелерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін кетіру жағдайларын орындауды.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Сабақ барысы.
Оқушыларға еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқау беру және оған үйрету жолдары
1. Оқушыларда зерделі көзқарас тәрбиелеу және оларға жұмыстың дұрыс және қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін меңгерту үшін, мұғалімдер оқушылармен қауіпсіздік техникасы мен еңбек гигиенасының талаптарын сақтау жөнінде дәріс пен нұсқау беріп отыруы керек.
2. Еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру мен оған үйрету алдымен барлық оқушылармен кабинетте кіріспе сабақта, сонан кейін дербес компьютермен жұмыс істеу алдында жүргізіледі.
3. Алғашқы нұсқаулар беру кезінде мұғалім оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелері мен еңбек гигиенасымен; жұмыс барысында кездесетін қауіпті жағдайлармен және сақтық жағдайларымен таныстыруы керек.
4. Алғашқы нұсқауларды кабинет меңгерушісі (мұғалім) лекция немесе әңгіме түрінде жүргізеді.
5. Дербес компьютермен жұмыс істеу алдында (жұмыс орнында алғашқы рет) берілетін нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады. Оның негізгі мақсаттары жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, тәртіппен ұстау талаптарымен, қауіпсіз жұмыс істеу әдістерімен, сақтану құралдарымен, белгілі бір жұмысты орындау кезінде болатын қауіпті жағдайлармен, жұмыс істеушінің міндеттерімен, сондай - ақ қауіпті жағдайлармен және олар туған кезде орындайтын іс - әрекет ережелерімен таныстыру.
6. Оқушылармен өткізілген дәріс пен нұсқаулар журналында тіркеледі.

І. Негізгі қағидалар
Қазақстан Республикасының Білім мен ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеледі.
Информатика кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.

Информатика кабинетіндегі жұмыс тәртібі иен қауіпсіздік техникасының ережелері. жүктеу
7 008
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
№1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал - жабдықтармен танысу»
№1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал - жабдықтармен танысу»
Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну.
Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері
Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері
ЕТ - мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып, оны білу. Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін үнемі естен шығармау дағдысын қалыптастыру.
Қауіпсіздік техникасының ережелері
Қауіпсіздік техникасының ережелері
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады: 1. Жалпы 2. ДК - де жұмысты бастау алдында 3. Жұмыс істеу кезінде 4. Жұмысты аяқтағанда 5. Авариялық жағдайларда
Информатика 11 сынып
Информатика 11 сынып
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Есептеуіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасымен танысу. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, көз талғанда жасалатын жаттығулармен танысады.
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнібек колледжінің информатика пәні мұғалімі Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×