Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рахмет саған, Анашым

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: «Рахмет саған, Анашым»

Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.

Мұғалімнің сөзі: - Қар көбесі сөгіліп, құлпырып көктем келді. Көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күні де келіп жетті. Тамаша көктем мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Әлемдегі ең асыл жан ол - АНА емес пе? Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып - толғанғаны кімнің есінен кетеді!
Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - АНА! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап жұбанбай, жылап іздейтінің - ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір - ақ жан. Ол - ана! Ол саған бәрінен де қымбат.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен - ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!
Мен білетін қазақ әйелі - қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.
- Балалар, айтыңдаршы АНА кім?
АНА - нұр, өмір сыйлаушы, дана. данышпан, кемеңгер, ұстаз, күн, тәрбиеші т. б.
- АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз?
- Иә, МАМА - бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.
- Ендеше аналарың қандай адам?
АНА - ақылды, сұлу, нәзік, мейірімді, ардақты, аяулы т. б.
- Ақылды да сұлу аналарға арналған мақал - мәтелдер айтайықшы.
(Ана туралы мақал - мәтелдер)
- Ананың берген тағылымына ешқандай бақ - дәулет те, ханның қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды. Осындай ананы құдіретті ұлылар қалай суреттеген екен?
(Ұлы ойшылдардың ана туралы айтқандары)
- Баяғыда бір адам пайғамбарымызға келіпті де: Мен бір зор күнә істедім. Енді мені кешіру мүмкін бе?- деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
- Анаң бар ма?- деп сұрапты.
- Бар - дейді әлгі адам.
- Онда анаңа қызмет көрсет - деген екен пайғамбар
Олай болса, ана туралы жырларың мен әндеріңді ортаға салыңдаршы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 311
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Менің анашым
Менің анашым
Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Манат Умиржановна
Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші!
Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназиясының информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×