Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің анашым

20 мам 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№5 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі:
Ескалиева Гулзира Қонысқызы

Тақырыбы: «Менің анашым»
Мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата - ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме.
Көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»
Анаңды Меккеге арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.
«Ана - өмір себуші» буклеттер, қанатты сөздер жазып іліп қою.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық кезең
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халқаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор тілеймін. Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8 - наурыз күніне белгіленген. Бұл күні төрткүл дүниенің жан иесі, аса қадірлі аналар мен қыз - келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп шын ықылас танытып, сыйлықтар жасап жатады. - Құрметті аяулы, ардақты аналар. Өміріміздің гүлі, қуанышы - сіздерсіздер. Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс - берекесі, алтын діңгегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз қаншама.
Арулар - асыл жандар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар - деп, өлеңіне арқау еткен Мұқағали ақын аналарымызды тіршіліктің, күретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналарымыздың мерекесі құтты болсын демекпіз.
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған... 1 « Г»сыныбы әзірлеген ертеңгілігін тамашалауға рұқсат етіңіздер.
1 - оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай
2 - оқушы:
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
3 - оқушы
Анамның саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
Анамдай ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен
4 - оқушы
Аялаған баптаған
Асыраған сақтаған
Сақтандырып күнде еппен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс

Би

5 - оқушы
Әженің біз күніміз
Ананың біз гүліміз
Құттықтаймыз мейраммен
Ұзақ өмір сүріңіз

6 - оқушы
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіздер балалар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар

7 - оқушы
Үлкен кіші әркімде
Әже де бар ана бар
Аналарды әр күнде
Қуантса екен балалар

8 -оқушы
Әлпештеген баласын
Ана - бақыт, ана - күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын

Толық нұсқасын жүктеу
25 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аябаева Санбибі
Тәрбие сағаты «Айналайын - анашым»
Тәрбие сағаты «Айналайын - анашым»
Атырау қаласы, жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Урынбаева Айгерім Жалғасқызы
Рахмет саған, Анашым
Рахмет саған, Анашым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Әжібаева
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×