Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші!

01 ақпан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мерекелік іс – шара
Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші
Құттықтау сөз
Құрметті аяулы да ардақты аналар!!!

Сіздерді 8 – наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ұл - қыздарыңыздың қызығын көріп, немере, шөбере сүйіңіздер

Арым да, ардағым да анам екен,
Ана деген адамға атамекен.
Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті,
Жүрегіңде жыр болып жатады екен – дей отырып сіздердің құрметтеріңізге « Анашым әнін» ұсынамыз.
Ардақты аналар кешінің құрметті қонақтарымен таныстыру.

Анасыз өмір, өмір ме,
Көтерілмес көңілде
Тек аналар жасасын,
Мәңгілік бұл өмірде.

Ғасырлар бойы өмір қиыншылығының не бір қилы – қилы кезеңдерінде өзінің табиғи құдіретті қасиетін сақтап, өмір үшін табанды да қажырлы күрескер бола білген.
Ал қазақ - өз ел болып, халық болып қалыптасқан көне заманнан бері – ақ ананы, қыз баланы қатты қадірлеп, құрмет тұтуды берік дәстүрге айналдырған халықтардың бірі.

Сол дәуірдің шындығын айқындайтын:
«Алып анадан туады», «Ана алдында құрмет, ата алдында қызмет»,
«Мейірімі мол ананың – жүрегі жылы, қолы кең», « Анадан артық дос барма, ашудан жаман қас барма» деген сияқты дана мақалдар бұған дәлел.
5 « д» сынып оқушысы --------------------- мен ------------------- үнді биін билейді
Аналарда үлкен адамгершілік, зеректік, ақылдылығымен қатар қайраттылық, өткірлік, қаһармандық мінез бар. Халық намысы үшін ел анасы болумен бірге, халықты ерлікке, батылдыққа, елдікке жетелейтін қаһармандық, азаматтық дәрежесінде биігінен табылады.
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі – тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?

Ананың айналып – толғанғаны кімнің есінен кетеді. Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - Ана. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей тырмысып бауырына жармасып, шырылдап жұбанбай жылап іздейтінің – ана.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен – ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезінбейтін сезім болмас.
Өйткені аналардың ішкі дүниесі, мінезі, адамгершілік қасиеттері асыл, таза мөлдір. Қазіргі қауымға да келер ұрпаққа да үлгі - өнеге боларлықтай жарық та, нұрлы.
Ананың, әйел қауымның құдіреттілігіне бас иеміз, құрметтейміз. Ана туралы толғансам:
Есімде түнде тұрып тербеткенің,
Есімде ақ сүтіңмен ер жеткенім.
Бір өзің сәби көріп, елжірейсің,
Кетпейді – ау құлағымнан жөргектегі үн»- деген өлең жолдары есіме түседі. Аяулы асыл жанның көңіліне қаяу, қабағына кірбің жоламасын, өмірде тек жақсылық көрсін.

Анам, анам, анашым,
Жаның дархан, данасың.
Кім өзіңдей ұқтырар,
Осы өмірдің бағасын демекші – би ------------------------------- Шығыс биін тамашалаңыздар.
Аналармен сұхбат: (оқушылар өз сұрақтарын қояды)

1. Есіңізде қалған 8 - наурыз мейрамы
2. Қыз тәрбиесіне қалай қарайсыз?
Ана деген адамға атамекен
Әр адам анамен адам
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым
Бір түнгі тәтті ұйқыңнан садаға екен – дей отырып сіздерге арнап, қыздар тобының биін ұсынамыз
Айдардың орындауындағы « күйді» тамашалаңыздар
Соңы. Жарық пен жылу жоқ жерде, от пен жылу жоқ жерде тірлік – мақұрым. Ал осы екеуінің көктегі көзі – күн де, жердегі көзі – атыңнан айналайын – Ана.
Ананың мейірімін көтере алмаған елдің көсегесі көгеруі мүмкін емес, отбасы түзелмейді. Отбасын құрайтын сіздер аналар.
Бүгінгі кездесуге келгендеріңізге көп – көп алғысымызды білдіре отырып, сыйлығымызды тарту етеміз.
8 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Анаға құрмет - балаға міндет
Анаға құрмет - балаға міндет
Ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Ананы туралы өлеңдердің, мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру. «Анаға құрмет - балаға міндет» екенін түсіндіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×