Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, алтын ұя - мектебім

05 тамыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 – жүргізуші: Сап түзеп тік тұрыңыздар! Назар аударыңыздар! ҚР – ның мемлекеттік туы енгізілсін!
(ту көтеріледі, әнұран орындалады)

2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі ата – аналар!
Салтанатты жиынға арнайы келіп отырған қонақтар! Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен құттықтаймыз! Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарыңыз құттыболсын!
1 – жүргізуші: Дархан даламызға білім нұрын таратушы Ыбырай Алтынсариннің қоңырауы бүгінде жүздеген,
мыңдаған қоңырауға қосылып, кәусар бұлақтай сыңғырлайды.

2 – жүргізуші: Биыл 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «Конституциямыздың 20 жылдығы», сынды маңызды шараларға толы жыл.

1 – жүргізуші: 2014 жылы 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті, Ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады.

2 – жүргізуші: Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып бір халыққа айналды. Қазақстан бұл біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз.

1 – жүргізуші: Сондай – ақ бұл жылы Конституциямыздың 20 жылдығы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады.

2 – жүргізуші: 1995 ж. 30 - тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады.
Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады. Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың құқықтың қайнар көзі ретінде танылады.

1 – жүргізуші: Сөз соңында, барлық Қазақстандықтарға, еліміздің азаматтарын «30 тамыздағы» атаулы мерекелермен яғни Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, таусылмас бақыт, бейбітшілік, аспандарыңыздың ашықтығын, жанұяларыңыздың татулығын, табыстарыңыздың берекелі мол болуын, сонымен қатар өз құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіздің бұзылмауын тілейміз.

2 – жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп – ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.
1 – жүргізуші: Мереке зор қуаныш – Білім күні,
Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.
2 – жүргізуші: Бүгінгі сағынышпен күткен мерекелеріңізбен құттықтай отырып, «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1 – жүргізуші: Шарықтасын шат көңілдің алабы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
Дархандай кең біз қонақжай халықпыз
Әрқашанда төрде отырар қонағы – дей келе салтанатты жиынымызға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар.
1.______________
2.______________
3.______________
4.______________
2 – жүргізуші: Сусындатқан нәріменен білімнің,
Үлгі тұтам ұстаздардың ілімін.
Ұлағатты ұстаздар ғой қашан да,
Оқушының көтеретін білімін, - деп 1 сынып жетекшісі Бибігүл Ғизатқызын шәкірттерімен бірге ортаға шақырамыз. Амантаева Дарина

1 – жүргізуші: Бақыткереева Саяжан
2 – жүргізуші: Сағадатова Айым
1 – жүргізуші: Сламғали Еркеғали
2 – жүргізуші: Тулегенов Тамерлан
1 – жүргізуші: Жаулыбай Әлихан
(оқушылар гүл шоқтарын әуенмен ұсынады)

2 – жүргізуші: Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,
Күн сайын өркендерміз, өсерміз.
Бүгінгі салтанатты жиналыста
Құрметпен өзіңізге сөз береміз, - дей келе алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Нұрғалиев Кәдіржан Нұрбаулыұлы мен оқу ісінің орынбасары Қорғамбекова Ардақ Рамазанқызына беріледі.

1 – жүргізуші: Биіктерде, төрлерде
Шалқи берсін туымыз
Арналады сіздерге
Әніміз бен сәніміз
(2 класс оқушысы Сламғали Толғанай мен 8 класс оқушысы Ізбасқанова Айдананың орындауында «Ұстазым» әні)

2 – жүргізуші: Бүгінгі күні мектебіміздің табалдырығын алғашқы рет аттап отырған бүлдіршіндеріміздің өнерлерін көрелік. (Бірінші сыныпқа келген оқушылардың тақпақтары)

1 – оқушы: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды. (Әлихан)

2 – оқушы: Білім үшін оқу іздеп келгендер,
Қанат қағып әр қияға өрлеңдер.
Білім алу ең бірінші парызың,
Оқу үшін аянбай бір терлеңдер
Кел, балалар оқылық! (Айым)

3 – оқушы: Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең бестік аламын.
Кіп – кішкентай болсам да,
Келдім саған мектебім.
Жетіге енді толсам да,
Жетілемін мектебім. (Еркеғали)

4 – оқушы: Мен намысшыл баламын,
Тек үлгілі боламын.
Білім іздеп жалықпай,
Кең дүниені шаламын.
Еркелікті қоямын,
Үлкен жігіт боламын.
Көп оқимын кітапты,
Мен білімді боламын. (Тамерлан)

5 – оқушы: Алдыңа кеп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімің сезілген. (Дарина)

6 – оқушы: Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.
Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпары гүліммен.
Келіп, ем қарсы алды мектебім,
Сүйікті қоңырау үнімен. (Саяжан)
(5 класс оқушыларының биі)

1 – жүргізуші: 2015 - 2016 оқу жылына жолдама алып келген жас мамандарымызды ант қабылдауға
шақырамыз.
(Біз, педагог мамандарды даярлайтын оқу орнының түлектеріміз. 2015 жылдың ең жауапты жолдамасын алған жас маманымыз. Осы ауылға, осы жерге мемлекеттік бағдарламаға сай жауапты мақсат – міндеттерді орындауға келіп тұрмыз. Негізгі мақсатымыз жас ұрпаққа заманға сай, лайықты тәлім – тәрбие беру. Оқушы бойында жаңа заманның, яғни бәсекеге қабілетті білім қазығын орнату. Дәл осы сәтте, дәл осы жерде туған Республикам, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы болуы үшін сапалы білім береміз. Тәуелсіз еліме, киелі жеріме адал қызмет етемін деп ант беремін.)

2 – жүргізуші: Жас мамандарға кәсіби бағыт – бағдар көрсетіп ақ батасын беру рәсімі мектебіміздің ардагер ұстазы Нұрышева Клара апайға беріледі. (тілек хат табыстау)
(«Ата заңым» оқитын Нұрасыл)

1 – жүргізуші: Бүгінгі қуанышты күн тек оқушылар мен ұстаздарға емес ата – аналар үшін де мереке. Қолдарынан жетелеп әкелген кішкентай балапандардың қадамына ақ жол тілей отырып, сөз кезегі
ата – аналарға беріледі. (Ата – ана құттықтау сөзін сөйлейді)

( Сламғали Толғанайдың орындауында ән «Оқуда озат боламын»)

2 – жүргізуші: Қоңыраудың сыңғырлы үні
Жүрегімнің соғысы
Қоңыраудың сыңғыры
Тағдырлардың тоғысы, – деп алғашқы қоңырау соғу салтанаты 1 класқа қабылданған жас бүлдіршіндерміз Жаулыбай Әлихан мен Сағадатова Айымға тапсырылады.

1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде әкету рәсіміне тік тұрып құрмет көрсетейік!

2 – жүргізуші: Оқушылар, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп, - деп бүгінгі білім күніне арналған мерекелік шарамызды жабық деп жариялаймыз!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Тегисова Гулден Маратовна
4 873
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бірлігі жарасқан ел
Бірлігі жарасқан ел
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б.
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы №100 орта мектептің тәлімгері Пшанова Айгүл Әубәкірқызы
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×