Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

15 мам 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі
Нартаева Қазина Жаксылыковна

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болсын! Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге, Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп меңгерушісі ---------------------------- беріледі.

ӘН: Нартаев Саят пен Рысқұлов Айболат « Құтты болсын Әз Наурыз»

Жүргізуші:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!, - деп шашу шашады.
Жүргізуші: - Ал енді балалар қарсы алайық «Наурыз» аруымызды.
Наурыз ару шашу шашып келеді.
Қазақтың салт - дәстүрі бойынша тойдың бәрі шашумен басталады емес пе!

Жаннұр: Наурыз - арудың сөзі:
«Наурыз» арумын.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі қойды.

Қой жылының сөзі:
- Армысыздар, құрметті, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!

Жүргізуші:
Қош келдің қой жылы
Біз сені көптен күттік
Келгеніңе өте қуаныштымыз,
Кел, қонағымыз бол, төрлет.

Жүргізуші: 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні. Бұл күнi күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер - Ана да, жан - жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал - теректер бүршік жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт - береке, бақ - дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсінде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел - белестерге қызылды - жасылды кілем төселеді. Ұлан - байтақ Қазақстанның халқы жеті түрлі дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйім халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

Балалар бір бірімен көріседі, жақсы тілектер айтып (музыка қосылады)
Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
Сымбат:
Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын
Айбар:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Жүргізуші: Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал кесең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.
Саламат пен Алмат: апай біз бұлақты тазартып болдық, ал енді ағаш отырғызамыз.
Ән: Жаннүр, Алмат, Саламат « Шақырады көктем»

Жүргізуші: - Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар.
- Наурыз көже қалай пісіреді? ОҚУШЫЛАР КӨРСЕТЕДІ.
Жүргізуші: - Ал, енді Наурыз көже піскенше өлең айтып тойлайық.
Хор: дастархан
Айболат: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Инара: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Алмат: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

Саламат: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр – салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Саят: Сәулесі Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Ән: Нартаев Саят пен Аманұлы Саламаттың орындауында « Наурыз көктем» қабыл алыңыздар.

Айшолпан:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз бар
Ән: Қыздардың орындауында « Наурыз»
Жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.

Ән: « Наурыз»
Марғұлан: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

Би: Наурыз думан

Ақылбек: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.

Толық нұсқасын жүктеу
3 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Армысың, Әз-наурыз
Армысың, Әз-наурыз
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×