Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік Ел - Менің Елім

22 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, И. Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
Политехникалық бөлімшесінің оқытушысы:
Менликулов Н.М.

«Мәңгілік Ел - Менің Елім» 2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы
Тақырыбы: «Мәңгілік Ел – Менің Елім»
Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Microsoft Power Point бағдарламасында безендірілген тақырыптық презентация, шарлар, әр түрлі мақал - мәтелдер, дәйек сөздер жазылған, кітап көрмесі.
Барысы:
Елім десе еміреніп арқалы ақын,
Халқым десе тілінен бал таматын.
Қош келдіңіз қадірлі көрермендер,
Көруге бүгінгі күн салтанатын!
(Әнұран орындалады).

1 - жүргізуші: Ассамблея деп ауыз ашқаннан көз алдыңа еліміздегі тыныштық, этносаралық жарастық, конфессияаралық келісім келеді. Бір құдіреттің күшімен осынау сөз Қазақстанда барлық бейбіт өмірді, тұрақты тіршілікті жасап тұрғандай болып көрінеді. Біз 20 жыл бойы соған үйреніп, соған әбден сеніп алдық. Өткен 20 жылда Қазақстан қоғамының ішкі ықпалдасуының, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудың біртұтас мемлекеттік және қоғамдық жүйесі толығымен қалыптасты.

2 - жүргізуші: Ел ішінде мұқият талқыланып, Елбасы мақұлдаған «Ел бірлігі доктринасы» бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудың «Бір ел - бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» сияқты басты қағидаларын айқындап берді. Елбасының өкімімен бекітілген Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ережелер оның мәртебесі мен құзіреттерін, сондай - ақ, Ел бірлігі саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қатысу тәртібін бекітті.
Өткен жылы Елбасының Өкімімен Президент жанындағы «Қоғамдық келісім республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. «Облыстардағы, Республикалық» маңызы бар қалалар мен елордадағы Қазақстан Халқы Ассамблеяларының қызметтерін қамтамасыз ету» атты жаңа бюджеттік бағдарлама қабылданды. Аймақтарда 11 мамандандырылған облыстық

«Достық» үйі табысты жұмыс істеп тұр. Тағы 4 облыста ассамблея жылы барысында ашылатын болады.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, көпшілік қауым! Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты мерекелік кездесуге хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130 - дан астам ұлт пен 17 конференцияның өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының
ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының
пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
- Сол себепті сіздердің құрметтеріңізге ұлдарыңыз Шыңғыстың орындауында «Әлқисса» күйін қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Мерекең құтты болсын, туған өлкем,
Гүлдене бер бұтақ жайып, өсіп өркен!
Бүгінгі күнің бізді қуантады,
Болашағың бұдан да болсын көркем!

Біздің елде әр халықтың ұлы бар,
Кеудемізде бауырластық нұры бар.
Бейбіт күннің тату - тәтті достарымыз,
Көк байрақты мәңгі бірге ұстармыз!

1 - жүргізуші: Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы. Ендеше сол басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген жүрекжарды ізгі ниеттерін білдіру үшін қазақ, орыс, кәріс, татар, өзбек, қытай халықтарының өкілдері сіздерге арнап қазақ тілінде өлең жолдарын жолдайды қабыл алыңыздар. Өздеріңізге арнап әр ұлттың тағамдарынан, яғни «Достық» дастарханын тарту етеміз, дәм алдырта отырыңыздар.
( Ұлттық киімін киген, өзіміздің туымызды ұстап, қазақ халқының атынан бір студент қазақша амандасып, мерекемен құттықтайды. Артынан әр ұлттың ұлттық киімін киген өзге ұлт өкілдері қолдарына гүлдерін ұстап өз тілдерінде амандасады. Мерекемен құттықтайды.)

2 -жүргізуші: Бүгінгі кеш меймандарымызды таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер! «Вайнах» шешен мәдени орталығының жетекшісі Исаев Мовлади Магомедович, Толотльников Владимир Петрович орыс мәдени орталығының өкілі, Хамидов Ашур өзбек мәдени орталығының өкілі және И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық технкалық колледжінің оқытушылары Зигерт Анатолий Владимирович, Ким Трофим Петрович.

1 - жүргізуші:
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал - саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл - тегіл, көл - көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз.

2 - жүргізуші:
Жайнасын көңілдерің жасыл бағы,
Құтты болсын мереке шашулары!
Бар өнер, ән - биіміз сіздер үшін,
Сіздер үшін әншінің асыл әні.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 182
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу
Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында
Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,
Ата заңым-ардағым
Ата заңым-ардағым
Тақырыбы: «Ата заңым – ардағым» Мақсаты: Ата заң туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
1 мамыр- Бірлік мерекесі
1 мамыр- Бірлік мерекесі
Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлтаралық қарым қатынасты сақтауға тәрбиелеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, оны одан әрі дамытуға баулу.
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы, №9 "Балауса" балабақша тәрбиешісі Шынар Мүберекова Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық» Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» Мақсаты: «Құрмет»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×