Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алынбайтын асу жоқ

26 мам 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Астана қаласы
Гуманитарлық колледжі
Оқытушы: Хайрат Эльмира

Тақырыбы: «Алынбайтын асу жоқ»
Мақсаты: Өз мүмкіндіктерін дұрыс қолдана отырып, мақсатына жету жолында табандылық танытуға үйрету;
Кез келген жағдаятта өзін дұрыс әрі сабырлы ұстай алатын, өзіне сенімді тұлға тәрбиелеу;
Топта жұмыс істей білуге, жақсыдан өнеге алуға, бірін - бірі сыйлауға баулу.
Құндылығы: дұрыс әрекет
Күтілетін нәтижелер:
1. «Адам мүмкіндіктері ұғымын құндылық ретінде түсініп, өзіндік ойлау, пайымдай алуы, шешім қабылдай білуі, жауапкершілікті сезіне отырып, өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білу керектігін ұғынуы.
2. Қиындыққа мойымайтын, мақсаты айқын, өзіне сенімді, дұрыс шешім шығара алатын «тұлға» болуға деген құштарлықтары артады.
Көрнекілігі: слайд, ән және әннің мәтіні, тірек сөздер.
Түрі: Топтық жұмыс, тренинг

Барысы:
І. Ұйымдастыру сәті:
Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі өтілетін «Алынбайтын асу жоқ» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Біз бүгін адам мүмкіндіктері, қиындыққа қарсы тұрып мақсаты жету жолдары туралы әңгімелейміз. Бұл іс - шара сіздерге жақсы көңіл күй сыйлап ерік жігеріңізді жоғарылататынына сенімдімін.

ІІ. «Өз менін көтеру» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың өзіне деген сенімдерін ояту
Жаттығу барысы:
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып өз менін көтеруге ықпал ететін жаттығуларды жасайды.
Мен сабырлымын
Мен байсалдымын
Мен ақылдымын
Мен жаспын, әдемімін
Мен өмірді сүйемін
Менің қолымнан бәрі келеді
Мен күштімін
Мен өзіме сенемін
Мен өмірге келгеніме өзімді бақытты санаймын
Біз бақытты жандармыз
Бәрі жақсы болады.

ІІІ. «Кім жылдам?» жаттығуы
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Екі топ қарама – қарсы тұрады, қатысушылар қолдарынан ұстап тұрады. Оқытушы екі топтың ортасына тұрып, бір қолымен бір топты, екінші қолымен екінші топтың қатысушысының қолынан ұстап тұрып импульс жібереді, шеткі қатысушы ортада тұрған пластикалық бөтелкені қолына импульс келген бойда қағып алуы керек. Қай топ 3 рет жылдам алып үлгерсе сол топ жеңімпаз.
Мінекей көңіл – күйміз жақсарып, сергітілген сияқтымыз, ендеше осы жаттығудан көріп отырғандай мақсатқа жету үшін, адамға жеңіске деген ұмтылыс қажет.

ІV. «Биіктік» жаттығуы:
Келесі жаттығуды орындау үшін маған көмекші қажет. Осы жаттығуды орындау үшін бір қатысушы, қолына бор алып, тақтаның қасында тұрып секіреді, секіргеннен кейінгі жеткен жерін бормен сызып белгілеп қояды. Сонан соң қатысушыға нұсқау беріледі, «ал енді жоғарыға қарап, төбеге жетемін деп секір» сонан соң жеткен жерін белгілеу керек.
Сұрақтар:
• Екі белгінің арасында айырмашылық бар ма?
• Биікке секіру үшін не әсер етті?
• Қойылған мақсат нәтижені жақсартты ма, нашарлатты ма?
• Мақсат қою үшін адамға не керек?
Екінші жаттығудан көргеніміз, адамға мақсат қою, көздеген нәтижеге жету үшін қажет, оған осы әрекетті саналы түрде басқару үшін ерік қажет.
Ерік – бұл саналы түрде мақсат қоя алу қабілеті мен алда кездесетін ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге деген ішкі талпыныс.
Сыртқы кедергілер – бұл бізге сыртқы әлеуметтік ортадан келетін қиындықтар. (әлеуметтік орта, материалдық жағдай, әртүрлі жағдайлар)
Ішкі кедергілер – бұл өзіміздің ішімізден шығатын қиындықтар. (қорқыныш, ашу, үрей, жүрексіну, шарасыздық, ыза, жеккөру, қызғаныш, тәкәппарлық, немқұрайлы, қырсықтық, өзін кінәлі сезінушілік, жанның ауыртпалығы, ішкі жалғыздық, сараңдық, жалқаулық т. б.
«Өмірде ең үлкен жеңіс – бұл өзін - өзі жеңу» дейді халық даналығы, сыртқы кедергілерді жеңу алдында, біз өзімізбен күресеміз, өзімізді бағыттаймыз. Алдымызға қойған мақсатымыз қаншалықты айқын, қаншалықты нақты болса, соншалықты біздер соған жетудегі кедергілерді жеңуге дайын болуымыз қажет.

V. Топтар өздеріне берілген тақырыптар бойынша дайындаған жобаларын қорғайды.

VI.«Табыс қоржыны» жаттығуы
Сіздердің барлығыңызда мақсаттарыңыз бар. Ол сіз үшін қаншалықты маңызды? Алдыңнан кедергі тап болса, қойған мақсатыңнан бас тартасын ба?
Шөлдеп келе жатқан екі адамды елестетіңіз, біреуі көшеде келе жатыр, + 27 градус ыстық, дүкендердің маңайынан келе жатып шөлдегенін сезінеді, дүкенге кіріп сөрелерді қарап тұрады, не алсам екен? «Кола» ма? Әлде «Тассай» алайын ба? Өстіп ойланып тұрғанда дүкенші «Аласыз ба, жоқ па, түскі үзіліске жабамын» дейді, ол ашуланып ешнәрсе алмай шығып кетеді, енді бірі шөл далада келе жатыр, су ішпегеніне 2 күн болған, + 45 градус ыстықта келе жатыр, алыста құдық көрінеді, соған қарай беттеді.
Қайсысы мақсатына жетеді.
Сұрақтар:
Осы екі адамның тілек күштерінің айырмашылығы бар ма?
Қандай тілек қойған адам мақсатына жетеді?
Ал сіздің қалауыңыз қандай бірінші адамдыкіндей ме?, әлде екіншісінікіндей ме? Тексеріп көрейік: Мақсатқа жету жолы әрқашан жеңіл болмайды, кедергілерден өтіп мына «сиқырлы» қоржынға жетсеңіз, армандарың орындалады. Қатысушылар екі топқа бөлініп екі қатарға тұрады. Араларына 15 см. арақашақтық қалдырады. Топтың мақсаты: қол, дене арқылы кедергілер жасау, бірақ адамның өтуіне мүмкіндік беру. «Жоқ» сөзін хормен айту.
Әр қатысушы кезекпен осы «кедергілер тоннелінен» өтеді, ішінен өткенде «иә» деп айтып өтуі керек. Барлық қатысушы өз сиқырлы парақтарын алып болған соң, шеңберге тұрып, парақтардың артындағы өлеңді хормен айтады.

VII. Қорытынды
Студенттердің бұл жаттығулардан алған ісерлерімен бөлісу.
Мінекей біздер бүгін сіздердің мақсатқа жету үшін өзіңізге не қажет екенін біліп, мақсатқа жету үшін кедергіге тап болсаңдар табандылық таныта алатыныңызды байқадық, мінекей осы жаттығуларды орындағандағыдай, жеңіске ұмтылысыңыз бен табандылығыңыз болса, сіздердің алмайтын асуларыңыз жоқ деп ойлаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін!

Топ жетекшісі: __________________________ Хайрат. Э
6 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
6 - сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары
Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі
Өзін - өзі тану оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарын анықтауына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті
Алынбайтын асу жоқ
Алынбайтын асу жоқ
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебі өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×