Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алынбайтын асу жоқ

22 шілде 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаттары: Өз мақсаттарын жүйелі іске асыра білуге ықпал ету, адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету
Оқыту нәтижесі: «Адам мүмкіндіктері ұғымын құндылық ретінде түсініп, өзіндік ойлау, пайымдай алуы, шешім қабылдай білуі түсінуі. Жауапкершілікті сезіне отырып, өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білу керектігін ұғынуы
Түйінді идеялар: Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады.
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс - әрекеті

Амандасу Уақыты 3 - минут
«өз менін көтеру» жаттығуына нұсқау беру
«шаттық шеңберін» ұйымдастыру
Оқушының іс – әрекеті
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып өз менін көтеруге ықпал ететін жаттығуларды жасайды
Мен сабырлымын
Мен байсалдымын
Мен ақылдымын
Мен әдемімін
Мен сүйкімдімін
Мен өмірді сүйемін
Оқушылар «шаттық шеңберінде тұрып, «ертегілер әлемін» орындайды
Ресурстар: Өз менін көтеруге нұсқау сөздер, үнтаспа, «ертегілер әлемі»
Мұғалімнің іс - әрекеті 5 - минут
Мозайка әдісі бойынша «ертегі кейіпкерлерімен»топқа бөлінуге ықпал ету.
Оқушының іс - әрекеті
«мозайка» әдісі бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырып, 3 - топ құрайды
1 - топ
«шалқан ертегісі»
2 - топ
«бауырсақ»
3 - топ
«мақта қыз бен мысық»
Құралған ертегілердің желісі талданып, тақырыппен байланыстырылады.
Ресурстар: «талап», «еңбек», «терең ой» қима сөздері
Мұғалімнің іс - әрекеті 7 - минут
Мағынаны тану кезі.
«Оқып үйренейік» айдарында берілген Бейбіт сапар Әлидің ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы шығармасы таныстырылады
Әңгімелесу сұрақтары:
- Т. Әубәкіровтің топырақты жусан мен қазақ әнін, елтаңбаны өзімен бірге ғарышқа алып ұшуын қалай түсіндіресіздер?
- Сіз ғарышкердің орнында болсаңыз, сіз ғарышқа не алып ұшар едіңіз?
- Ғарышкер Тоқтар ағаға қандай тілек тілейсіз?
Көрсетілген слайд бойынша мағынаны танып, алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын асу жоқ екендігін және өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын ұғынады.
Сұрақтарға оқушылар жауап беріп, өзіндік ойларын білдіреді.
Ресурстар: Слайд, плакат, маркер
Мұғалімнің іс - әрекеті уақыты 5 - минут
«Өзіммен өзім» әдістемелік тәсілін классикалық музыка әуенімен жүргізеді.
Кері байланыс орнату
Оқушының іс - әрекеті
«Өзіммен - өзім» релаксациялық әдісті оқушылар мұғалімнің нұсқауымен орындайды.
Оқушылар кері байланысқа түседі.
Ресурстар: Үнтаспадан классикалық музыка, оқулық
Мұғалімнің – әрекеті уақыты 10 - минут
Шығармашылық тапсырма бере отырып, «сахналауға» нұсқау беру
Оқушының іс - әрекеті
Төмендегі кейіпкерлерге сипаттама беріп, осы қасиеттеріне сәйкес «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында шағын қойылым қояды.
1 - топ
Талапты оқушы
2 - топ
Жалқау оқушы
3 - топ
Бәріне және барлығына көңілі толмайтын оқушы
Ресурстар: Интерактивті тақтада жазылған сұрақтар, мәтіннің кесілген бөліктері, флипчарт
Мұғалімнің іс - әрекеті уақыты 5 - минут
Түйіндемені оқып жадында сақтау ұсынылады.
Оқушының іс - әрекеті
Ұсынылған түйіндемеге байланысты
1 - топ
Жадынама оқиды
2 - топ
Суреттеп флипчартқа түсіреді
3 - топ
Өлең шығарады
Ресурстар: Интерактивті тақтада берілген түйіндеме
Мұғалімнің іс - әрекеті уақыты 10 - минут
«Менің мақсатым» тақырыбында Ой толғау жазуға нұсқау беру
Оқушының іс - әрекеті
Менің мақсатым» тақырыбында ой толғау жазады.
Т. Молдағалаиевтің «адам» өлеңін орындайды.
Ресурстар: Интерактивті тақта, «адам» өлеңінің мәтіні
Қосымша тапсырма
Презентация жасау «мақсатқа жету үшін»
«Жүректен жүрекке» әдісімен сабақты қорытындылау
13 828
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ қоян
Ақ қоян
Мақсаты: Балаларды әртүрлі қажетсіз заттарды пайдаға асыра білуге үйрету.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Алынбайтын асу жоқ
Алынбайтын асу жоқ
Өз мүмкіндіктерін дұрыс қолдана отырып, мақсатына жету жолында табандылық танытуға үйрету; Кез келген жағдаятта өзін дұрыс әрі сабырлы ұстай алатын, өзіне сенімді тұлға тәрбиелеу
Қанағат рақым ойлап қой
Қанағат рақым ойлап қой
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес
Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өірзаққызы
Іздегенде табылатын қасымнан
Іздегенде табылатын қасымнан
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×