Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік – әдемілік

25 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Әдептілік – әдемілік
Мақсаттары: 1) Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру;
2) Жаман әдептен аулақ болуға, ата - анаға мейірімді, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға баулу;
3) Адамгершілікке, жолдастық сыйласымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Өнегелі сөздер, мақал - мәтелдер, суреттер.
Әдісі: Ауызша баяндау, талдау, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
- Шаттық шеңбер Таңертең айнадан өз келбетіңізді көріп, жай ғана жымиюдың сол күнгі көңіл - күйіңізге тигізер ықпалы мол. Мысалы езудегі жымиюдың өзі адамның өзіне сенімділігі, еркіндігі, достығы, мейрімділігі, ләззаты, қуанышы, келісімі, тіпті бақытын білдіреді. Ал күлкі иесінің жанына - тыныштық, жылу, деніне - саулық сыйлайды, ендеше әр түрлі тәсіл арқылы бір - бірімізге күліп қарайық.
Бүгінгі күндерің сәтті болсын!
Сенің жақсы азамат болып өсуің – ата - анаңның, ұстазыңның тілегі. Қоғам алдында адал, достарыңа жанашыр, ата - анаңа қамқоршы, кішілерге үлгілі болып, өзіңнен үлкеннің ақыл - кеңесін тыңдауың керек.
1) Топ мүшелерін сайлап алу - Мен............... сабаққа кешікпей келгім келеді - Мен................ таза болғым келеді
- Мен......... қарап ұқыпты болғым келеді
- Мен......... әдепті болғым келеді

«Кішіпейілділер» тобы: «Тазалық» тобы «Ұқыптылық» тобы « Әдептілік» тобы
Ендеше қәнекей орнымызға жайғасайық
І бөлім: «Ой ашар» (сұрақ – жауап)
1. Әдептілік дегеніміз не? 2. Әдептілік дегенді қалай түсінесің? (әр топ жауабын ватман қағазға түсіреді) болған бірінші топ постерін қорғайды
3 шапалақ - ұнаса 2 шапалақ – түсіндіруі аз болса 1 шапалақ – түсіндірілуі толық емес болса

VI. Ситуациялық жағдаяттар.
1. Автор. сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді. Бос орын жоқ.
Не істер едіңіз?
2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды. Не істер едіңіз?
3. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз. Не істер едіңіз?
4 Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сіздің артыңызда әжей тұр.
5 Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
6 Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек? Қандай мақал мәтелдер айтуға болады
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды? Не істеуге болады?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын - кесіп өтуге болмайды.
2. Кішкене баланы - жылатуға болмайды.
3. Құстарды - атуға болмайды
4. Қыз баланы - ренжітуге болмайды.
5. Сабақтан - кешігуге болмайды.
6. Үйге жүгіріп - айғайлап кіруге болмайды.
7. Үлкен кісіні - ренжітуге болмайды.
8. Оқу – құралдарын - күтіп ұстау керек.
9. Сыныпта айғайлауға - болмайды.
10. Ысқыруға - болмайды.
11. Құстың ұясын - бұзуға болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкендерді ( сыйлау керек)
- Ата - аналардың (тілін алу керек)
- Тәртіпті ( болу керек)
- Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау керек)
- Сабақты (жақсы оқу керек)- Міне, оқушылар бізде жақсы істерді үйреніп, жаман әдеттен, қылықтан бойымызды аулақ ұстауға әдеттенуіміз керек. Оқу құралдарымызға, киген киімдерімізге, ас атасы – нанға ұқыптылықпен қарау керек. Өздерің білетін ізгілік, адамгершілік, әдептілік туралы мақал - мәтелдер айтайық.
1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2. Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
3. Сыйламаған жолдасын, сыйлай да алмас өз басын.

(Топтағы оқушылардың пікірлерін тыңдап болған соң, қорытынды ойды мұғалім айтады).
Талқылау: Мұғалім топта қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес оқушының сезім дүниесіне әсер ететіндей жағдайлар туғызуы тиіс. Сол себепті бұл жағдаятты оқушылардың өздеріне талқылату, жанашырлық сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекуіне жағдай жасалу керек.

«Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен»
(әр топқа өлең оқылады, ұйқас жауап айту)
1. Бұрылатын қызға да,
Ұрынатын ұлға да.
Төбелеспей жүрмейтін,
Қандай бала бұл тұрған? (тентек, сотқар)
2. Кітап түбі қырқылған,
Күнделігі жыртылған.
Сабаққа да самарқау,
Қандай бала бұл тұрған? (бұзық)
3. Сабақ айта білмеген,
Шақырмасаң жүрмеген.
Сабақ бетін ашпайтын,
Баланы сен кім дер ең? (жалқау)
4. Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? - Әдепті екен бұл дейміз.
5. Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? - Үлгілі екен бұл дейміз.
6. Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз? - Ұқыпты екен бұл дейміз
Шығармашылық жұмыс Парталарыңыздың үстіне парақ қойып қойдым, сол параққа бойымыздағы жаман бір қасиетті жазып шығайық. V бөлім: «Жылы лебіз»
(әр топ орнынан тұрып шеңбер құрып, бірге айтады)
1 - топ: Басымыз аман болсын!
2 - топ: Аспанымыз ашық болсын!
3 - топ: Күніміз жарық болсын!

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
№62 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі:
Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 481
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдепті өмір сүруге үйрен
Әдепті өмір сүруге үйрен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Әдептілік – әдемілік
Әдептілік – әдемілік
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Ақтөре Айгүл Сапарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×