Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отанымыз - Қазақстан, Елордамыз – Астана

27 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық сабақ
Тақырыбы: Отанымыз - Қазақстан, Елордамыз – Астана
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Отан, Астана туралы түсінік беру
2. Дамытушылық: мәнерлеп оқуын дамыту
3. Тәрбиелік: елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ізденіс
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, видео

Сабақтың барысы:
а) Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? Қане, кім айтады?
(Балалардың жауабы)
Кітаппен жұмыс: оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
Отан туралы түсінік беру.
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біздің бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан ол біздің Отанымыз.
ә) Қазақстанның Президенті кім? Н. Ә. Назарбаев.
б) Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіз мемлекет.
16 - желтоқсан Тәуелсіздік алған күн. Үлкен мереке күні.
в) Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
г) Астана қаласын қазір бүкіл әлем біледі. (Астана қаласының әсем, көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп, әңгімеленеді).
Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар:........ (слайд көрсетіледі)
Сондай - ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы, мемлекеттік рәміздері бар.
1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран.
Тудың түсі - көк. Бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Авторы - суретші Шәкен Ниязбеков. Тудың ені - 1метр, ұзындығы - 2 метр.
Елтаңбаның авторлары: Шота Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков.
2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев

Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс. Отан, Астана, ауыл, ана.
(оқушылар тақтада жазады)
Мұғалім: Балалар, қане, осы сөздерден сөйлем құрап үйренейік.

Асық ойыны: мақал - мәтелдер, жұмбақ, тақпақ айту.
(балалар асықтың астында жазылған тапсырмаларды орындайды)

Карточкалардағы мақал - мәтелдерді мәнерлеп оқу, олардың мағынасын түсіндіру:

Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

Қорытындылау:
- Алтын сандық ашылды ішінен сұрақ шашылды. (сандықтың ішінен сұрақтарды алып, оқып береміз)
- Балалар, бүгін біз не туралы оқып білдік?
- Отан туралы тақпақ кім біледі?
- Елбасы кім?
- Қазақстанның елордасы қай қала?

Жарайсыңдар, балалар. Отан, туған жер, атамекен туралы көптеген керемет өлеңдер, әндер, жырлар жазылған. Сондай бір әнді біз де орындайық.
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындау

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен!

- Осымен сабағымыз аяқталады. Балалар, Отан дегеніміз - адамның туып - өскен жері, қайда жүрсек де, жүрегімізде осы әннің сөздерің алып жүрейік.
Сабақтарыңды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болыңдар.

ШҚО, Бородулиха ауданы
«Камышенка орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Дюсебаева Сауле Айткешовна

Отанымыз - Қазақстан, Елордамыз – Астана. жүктеу
1 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×