Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты

31 тамыз 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын» тәрбие сағаты
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге, тәуелсіздігімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, слайд, нақыл сөздер

Барысы:
1. Ұйымдастыру.
• Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2. Кіріспе сөзі:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Алихан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Едіге: Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ақерке: Отан - тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз - халқың.
Отан – өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Уалихан: Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Алихан: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?

Жаңаауыл негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Чапатова Айжан Мукаметкалиевна
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты. жүктеу
3 680
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен, Қазақстанның патриотымын!
Мен, Қазақстанның патриотымын!
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Мен, елімнің патриотымын!
Мен, елімнің патриотымын!
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Мен - өз Отанымның патриотымын
Мен - өз Отанымның патриотымын
Құрметті оқушылар сендерді білім күні мерекесімен құттықтаймын. Кеше ғана кіп - кішкентай бүлдіршін едіңдер, енді міне кішкене болса да ақылдарың толып, бойларың өсіп қалыпты. Биыл бастауыш сыныптың соңғы жылына аяқ бастыңдар.
Мен өз Отанымның патриотымын
Мен өз Отанымның патриотымын
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Мен елімді сүйемін
Мен елімді сүйемін
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×