Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарттар мерекесіне арналған «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман - сау жүрші!» атты кеш сценарийі

14 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қарттар мерекесіне арналған «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман - сау жүрші!» атты кеш сценарийі

Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Сабақтың безендірілуі: 1. Плакатқа жазылған өлең жолдары, мақал - мәтелдер;
2. Фотокөрме «Қариясы бар үй қазына»
3. «Қариясы бар үй қазына» тақырыбындағы эссе көрмесі; 4. Қарттар үйінен видеосюжет.

Фотокөрме мен жазылған эссеге бәйге жарияланады.
Н. Тілендиев «Ата толғауы» күйі ойнап тұрады
Жүргізуші: БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 25 жыл толғалы отыр. 8ә сынып қыздарының орындауында би «Әке толғауы»

Жүргізуші:
«Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған»- дей отырып мектебіміздің ардақты қариялары мен ұстаздары Күләндә апай, Қажар апай, Жаңылша апай, Ілескүл апай, Тұрсынкүл апай, Тұрсынхан апай, Бейбіткүл апай, Тұрсынай апай, Жаңыл апай, Сұлу апай және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт апайды ортамызға шақырамыз, «орамал тон болмайды, жол болады»- деп орамал жабамыз. (Қошеметпен, алдыңғы қатарға оқушылардың сүйемелдеуімен отырғызамыз).

Психологиялық тренинг: «Өрмекшінің торы» Оқушылармен (Қариялар мен мұғалімдер туралы жақсы тілектер мен мақал - мәтелдер айту)

5сынып оқушыларының атынан қарт ұстаздарымызға арнап Сүйінбек Әдел мен Әнелдің орындауында ән шашу.

Осы орындауда би.

1 - оқушы: (Дәулет)
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Жүргізуші:
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күні мен ұстаздар мерекесі тоғысқан қос қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! (бәрі хормен)

Жүргізуші:
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттардың орны ерекше. Сол ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман - сау жүрші!» атты кешіміздің беташар сөзін мектебіміздің директоры Әбеубекова Ботакөз Әбенқызына береміз.

Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет, Құрыштан құйған құдірет - деген өлең жолдары кімдерге арналған? (көрермендердің жауабы). Әрине, қарттарымызға.

Олай болса бүгінгі кешіміздің қонағы Ұмытшақ апай Сағи Жиенбаевтің сөзіне жазылған Досқан Жолжақсыновтың «Ауыл қарттары» әнін тарту етеді.
Жүргізуші:
Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар - дей отырып, мектебіміздің ардагер, қарт зейнеткер ұстаздары Күләндә апай, Жаңылша апай, Ілескүл апай, Қажар апай, Тұрсынкүл апай, Тұрсынхан апай, Бейбіткүл апайларға сөз береміз.
Сіздердің құрметтеріңізге 8ә сынып оқушысы Әсемнің орындауында әсем ән.
Жүргізуші:
Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» атты оқушылар шығармашылығына құлақ түрелік. (Тақпақтары мен эссе оқылад: Олжас, Камила, Ақбота, Еңлік.)
Жүргізуші: Енді бір сәт Кеңес кезіндегі 70 - 80 жылдардағы өмірімізді еске алайықшы. Сюжет көрсетіледі.
9 Сынып оқушылары Аружан мен Әйгерімнің орындауында «Мама» әні

Дайындағандар:
5 сынып жетекшісі: Бошқаева С.
8 сынып жетекшісі: Абдрахманова Г. Т.

Қарттар мерекесіне арналған «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман - сау жүрші!» атты кеш сценарийі жүктеу
4 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарттарым аман – сау жүрші
Қарттарым аман – сау жүрші
Жұмақ жолы ата - ананың қасында, Қаяу түспей, бала көңіл жандарға. Аялайық, әлпештейік құрметтеп, Тірісінде бағалайық бағамдап.
Қарттарым - асыл қазынам
Қарттарым - асыл қазынам
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қарттарым - асыл қазынам
Қарттарым - асыл қазынам
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері
Қарттар мерекесі
Қарттар мерекесі
1 - қазан қарттар мерекесі
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі. Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
Халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×