Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарттарым - асыл қазынам

30 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қарттарым - асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар

Жүру барысы:
I. Негізгі бөлім
Кіріспе. Мұғалім сөзі
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, ұстаздар, оқушылар 3 - сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым - асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата - әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
1 қонақ.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
Біздің бәріміздің ата - әжелеріміз бар. Солардың бірі Амантурлиева Оңайша әжеміз бүгін бізде қонақта.
2қонақ.
Сонымен қатар
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп мені
«Құлыншағым, күнім»дейтін. Аубекерова Қарылға әже бізде қонақта.
Қош келдіңіздер!

Қадірлі әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады
1. Негізгі бөлім
Кіріспе. Мұғалім сөзі
2. Жырымды сізге арнаймын
Оқушылардың жыр шумақтары, концерттік бағдарлама
3. Мен атамның жалғасымын
Қорытынды. Бата тілек.
Халқымызда «Бала деген бал екен» деген сөз бар.
Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен. дегендей, келесі кезекті
оқушылардың ата - әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

1 - оқушы ( Нурай 3.)
Әжем менің әманда
«Әдепті жан бол» деген.
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

2 - оқушы (Нұрдәулет С. )
Менің әжем, ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.

3 - оқушы: (Нұргүл 3.)
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.
4 - оқушы: ( Иса 3.)
Менің әжем - бұл әжем.
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
Атаң болса анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның.
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса мақтаныш -
Семсер, қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл -
Өкпе - бауыр, жүрегің...

Атырау қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Даулетиярова Сайрангүл


Толық нұсқасын жүктеу
6 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам)
1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам)
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1 - қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды.
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, Зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел
1 қазан – қарттар күніне арналған сценарий
1 қазан – қарттар күніне арналған сценарий
Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа! Көкіректен жыр төгілмей жата ма! Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің, Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қарттарым - асыл қазынам
Қарттарым - асыл қазынам
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері
Қарттарым-асыл қазынам
Қарттарым-асыл қазынам
Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Өлеңді мәнерлі оқуға дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жауапкершілікке тәрбиелеу
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі. Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×