Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарттарым - асыл қазынам

25 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ертеңгіліктің тақырыбы:«Қарттарым - асыл қазынам»
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтадан слайд көрсету.
Қанатты сөздер: «Қарты бардың қазынасы бар».
«Ата - анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің».
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»
Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізілу барысы:
Жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым – асыл қазынам» атты кешімізге хош келдіңіздер.
Қадірлі ата – әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер..
Бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтауға сөз кезегін балабақша дәрігері: Г. Бигареваға береміз.
Хош келіпсіз ақжаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!
Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар күнімен құттықтаймыз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.

Балалар, бүгін ата - әжеміздің аулына жайлауға барғыларың келе ме?
Олай болса, кешімізді орындауындағы «Біз жайлауға барамыз» әнімен ашамыз.

(Балалар ата - әженің аулына барады. Олармен амандасады)
Әже: Балаларым, амансыңдар ма, қош келдіңдер. Төрге шығыңдар. Сендер алыстан шаршап келеді деп, мен сендерге арнап, дәмді бауырсақ пісіріп, шұбат дайындап қойдым. Қане, ауыз тиіңдер.)

Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер Бақтығұл атамызға сөз береміз.
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Балалар: ата сіз не жасап отырсыз?
Ата: Өзінің қамшысы туралы айтып береді.
Бүлдіршіндерді қазақтың «Қамшы» биімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Балалар: - Әже сіздің қолыңыздағы не нәрсе?
Әже: Бұл құрақ көрпеше. Мұнда көптеген ою - өрнектер бар. Мен оны безендіріп әдемілеп тігіп отырмын.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында ән «Әжетайым» әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Әжетайым»

Жүргізуші:
Балалар әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:
Жүргізуші:
Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен!
Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!
Жүргізуші:
Кім өзінің әжесі туралы айтып береді? Нұрәлі:....
Жүргізуші: Ал сендер аталарың мен әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?

Дария:
Мерекелеріңіз құтты болсын ата - әже!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Азамат:
Гүл - гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз.
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Ақсезім:
Ақ жаулықты әжемді
Ай нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып,
Еркін өсіп келемін.

Ерұлан:
Қысылып еш саспаңдар
Қанеки ән бастаңдар.
Ата - әжелердің көңілін
Бір көтеріп тастаңдар.
Мансур:
Ата - үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Алмас:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.

Ән: «Шөп шабуға барамыз!»
Жүргізуші: Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.

Балалардың түрлі аспаптармен орындауында «Ата толғауы» шығармасы орындалады.

Нұралы:
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанарма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.

Артур:
Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.
Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге балалар.

Таңшолпан:
Ақ жаулықты әжемді
Ай - нұрына теңедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін

Аманжан:
Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар

Әже:- Ой, балаларым, бәріңде өнерлі екенсіңдер. Бәрің де шаршаған боларсыңдар.
Олай болса, аталарың екеуміз сендерге қазақтың ұлттық ойындарын дайындап қойдық ойнаймыз ба?
Әже: «Айгөлек» ойынын ұйымдастырады.
Ата: «Арқан тартыс» ойынын ұйымдастырады.

Бәріміз «Қошақаным!» әнін қосылып айтайық.
Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар.
Қабыл алыңыздар! Кеш соңында үлкен алғысымызды білдіре отырып, саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты дегендей, асыл жандарымызға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.
Жүргізуші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған - дей келіп, мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз. Естелік ретінде суреттерге түсу.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
№9 "Құлыншақ" балабақшасы тәрбиеші:
Аюпова Адина Сапарқызы
31 928
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар! «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, Зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел
Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен
Ардақтайық, құрметтейік қарттарды!
Ардақтайық, құрметтейік қарттарды!
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты ұландар
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
Халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×