Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аталар мұрасы – халық қазынасы

12 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің
математика пәні мұғалімі Қалиева Жадыра

Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: аталы сөзден өнеге, үлгі алуға баулу.
б. Дамытушылығы: оқушыларды тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Жоспар:
Аталар сөзі – ақылдың көзі.
Ата өсиеті.
Баталы құл – арымас.
Жарасып тұр дәстүрім.

1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
1 – жүргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.
Жігіт:
Ата! Қол бастау қиын ба,
Жол бастау қиын ба,
Сөз бастау қиын ба?

Қарт:Е, балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соныңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң,бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас – тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.

Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
1 – жүр: Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.
2 – жүр: Халық әні. «Еркем - ай»

1 – жүр: Әй, тәкаппар, дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.

2 – жүргізуші:
Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп,
Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.

1 – жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті.» ертегісі.
Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!
Қарт: Аманбысың, балам!
Балам,бақытты болу оңай ма?
Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында
Қарт:Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.
Ақыл адамды азаттан да мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдылықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлен.

Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!
Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.
Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.
Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
- Иә барлығымыз сақтаймыз.

2 – жүрг: Домбыра. Халық әні «Еркем - ай»

1 – жүрг: Салт – дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт –дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.

Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

2 – жүрг: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Батаның түрлері көп.
Жасұланға бата беру.
Жігіт: Әумин!

Қарт:
Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйші бол,
Ақандайын сері бол,
Қажымұқандай ері бол,
Сәкен сынды сұңқар бол,
Бағың жанып әрдайым,
Жақсыларға жақын бол,
Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.
Бәрінен де құлыным,
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!
1 – жүрг:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
2 – жүрг:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
1 –жүрг:
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы, - дей келе, тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Қош сау боп тұрыңыздар!
26 464
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру.
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі. Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды
Бабалар сөзі – ақылдың көзі
Бабалар сөзі – ақылдың көзі
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Рахимбекова Клара Ораловна
Жадыңда жүрсін жақсы әдет
Жадыңда жүрсін жақсы әдет
Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы – бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындырып, сол сөздерден өнеге беру.
Атаның сөзі – ақылдың көзі
Атаның сөзі – ақылдың көзі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Ата мұрасы – балаға үлгі
Ата мұрасы – балаға үлгі
Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Ата мұрасы – балаға үлгі» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×