Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атадан қалған асыл сөз

01 мам 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру.
ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, ұлы бабаларымыздың суреттері. Интерактивтік тақта.

Жоспар:
1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі
«Аталар сөзі – ақылдың көзі»
2. Ата өсиеті.
3. Сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілмес.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би (слайд)
4. Ескірмейтін есті сөз (тыйым сөздер)
5. «Білгенге маржан» Сұрақ - жауап
6. Қорытынды
(«Ата толғауы» күйі жәймен ойнап тұрады.
(Балалар шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасады.)
Армысыз, қайрымды Аспан - Ата,
Армысыз, мейрімді Жер - Ана,
Армысыз, Шұғылалы Нұрлы Күн,
Армысыз, құрбы - құрдас, дос - жоран,
Армысыздар, құрметті апайлар.

Тәрбиеші:
«Сәлем – сөздің анасы» демекші, сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі « Атадан қалған асыл сөз» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлке, әр елде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй даналар, ғұламалар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты нақылдар ұшан теңіз.
Ел қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қарияларды дәріптеген. Олардан жас балалар өнеге алған.
Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын - жыраулар мен сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Мың жылда бір - ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, ата - бабаларымыздың үні, парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда. Олай болса біздің топ оқушылары дайындаған тәрбие сағатына назар аударыңыздар
(Интерактивтік тақтадағы бірінші беті ашылады)

Жүргізуші:
Аталар сөзімен өсіп - өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған,
Даналар өсиетінен тәрбие алған,
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен,
Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман - мұрат, мұң мен сыр – бәрі сиған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ – дегендей сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілмес.
(Интерактивтік тақта)
Ізетіңді ине етіп,
Иманыңды түйме етіп,
Инабатты күйме етіп,
Жүрші, балам, жамандық күйретіп - дегендей нақыл сөздер атадан балаға сонау ерте замандардан бері айтылып, ұрпақтан – ұрпаққа сұрыпталып, беріліп келеді. Құмнан шайып алған алтын түйіріндей тарих сүзгісінен шыққан сол асыл ойлы, айшықты сөздерді әрқайсысымыздың білуіміз керек.
Енді сол даналарымыздың қалдырған нақыл сөздерді тыңдап көрсек.
(Интерактивтік тақта)
1. Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақытта қонбайды.
Жүсіп Баласағұни.
2. Ақыл сөз - атқан оқтай жай кетпейді,
Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді
Ғабит Мүсірепов
3. Жеңемін деп біреуді
Өтірік сөзбен қостама
Асанқайғы
4. Жаманға айтқан ақылың
Ағып жатқан селмен тең.
Шал ақын
5. Сөзден тәтті нәрсе жоқ.
Сөзден ащы нәрсе жоқ.
Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.
Сөзден ауыр нәрсе жоқ.
Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.
6. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт.
Қай жерде, қай кезде сөйлейтініңді біл
Бөлтірік шешен
7. Кеселді жалқау қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың – пысық, ішің – нас
Артын ойлап ұялмас
Абай Құнанбаев
8. Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын,
Сұраса – жауабың да қысқа болсын.
Жүсіп Баласағұни
9. Ел қарамас сүйкімсіз, қабағы түскен сараңға,
Тура жүр – атың қалады ертеңгі халық - жаранға.( Қашқари )
(Интерактивтік тақта)
Тәрбиеші:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр - дегендей біз бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік. Олай болса, тағы да оқушыларымызды тыңдайық.. “Бабалар сөзі – тәрбие көзі” атты сауалнама - әңгімеміз қарт ата мен жас балалар арасында болған әңгіме түрінде өтеді.
«Ата өсиеті»
Қарт:
Құрметті қонақтар, оқушылар! Қазақ халқынан шыққан әділ де, шешен ата - бабаларымыздың асыл сөздерін, ізгі қасиетін ардақтап, өнеге тұтып, ана тілді құрметтей оны насихаттау біздің міндетіміз емес пе?
Олай болса сіздерге біраз сұрақтарым бар еді.
Балалар: Ол қандай сұрақ? қойыңыз
Қарт: Олай болса бақытты болу оңай ма? балалар
Бала: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында емес пе?
Қарт: Жоқ, балалар! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.
Бала: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз! ата
Қарт: - Жақсы! Онда мынаны айтшы үйде кім, елде кім қадірлі?
Бала: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі емес пе?
Қарт: Жоқ, балалар, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. «Бала – үйдің патшасы», «Балалы үй базар, баласыз үй - мазар» деген халқым.
Қарт: Балалар, үйдегі алтын қазық кім?
Бала: Ата, үйдегі алтын қазық – бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады.
Бала: Ой, қандай керемет сөздер!
Қарт: Дос табу оңай ма?
Бала: - Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қарт: - Жоқ балалар, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың.
Қарт: - Адамға ақыл беретін кімдер?
Бала: - Ата, ана тілі ғой ақыл беретін
Қарт: Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата - ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата - ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады.
Қарт: Балалар, осы достықты нығайтатын не?
Бала: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балалар, сендердің айтқандарың достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз көңілді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді.
Қарт: Рахмет, балалар, осы ғибрат аларлық сөздерді әрқашан есте сақтап жүріңдер.
Тәрбиеші: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.
(Интерактивті тақта)
Жүргізуші:
Әр халықтың өз заманына қарай хандары, билеушілері немесе рухани ұстаздары болды. Сол сияқты қазақ елінің де тарихтың даму сатысына қарай хандарына ақыл қосып, қара халықтың сөзін сөйлеп, түрлі мәселелерін шешіп отыратын билері болған. Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Халық арасында от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақа жара әділ билік айтатын Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Сырым, Малайсары сияқты беделді, би – шешендеріміз болған.
(Интерактивті тақта)

Өткізген: Динасилова Ж. Қ.
Атадан қалған асыл сөз жүктеу
10 233
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Атаның сөзі – ақылдың көзі
Атаның сөзі – ақылдың көзі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекетінің негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян
Аталар мұрасы – халық қазынасы
Аталар мұрасы – халық қазынасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Қалиева Жадыра
Ата мұрасы – балаға үлгі
Ата мұрасы – балаға үлгі
Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Ата мұрасы – балаға үлгі» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
Аталар сөзі – тәрбие көзі
Аталар сөзі – тәрбие көзі
БҚО, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» балалар бақшасы тәрбиешісі Айшуакова Райса Адиловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×