Мектеп аруы - 2019
Мектеп аруы - 2019
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
І жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ханымдар мен мырзалар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, оқушылар!
І жүргізуші: Қымбатты аналар, аяулы арулар ең алдымен жүректерді жылылық пен мейірімділікке, нәзіктік пен сұлулыққа бөлейтін, абзал аналар мен ару қыздар мерекесі құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Бүгін мектебімізде үлкен мереке, баршамыз асыға күткен ең ақылды, ең сұлу, өнерлі де, инабатты ару қыздарымыздың байқауы. « Мектеп аруы - 2019» байқауына қош келдіңіздер»
І жүргізуші: Ал олай болса сахна төріне «Мектеп аруы - 2019» байқауының қатысушы аруларын ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!
(Қатысушылар ортаға шығып билейді.)
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі байқауды ұйымдастырушы, «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі Жубанышкереева Ақтоты Сүйеуғалиқызын байқауды ашу үшін ортаға шақырамыз!
І жүргізуші: Қыздарымызды реттік нөмір алуға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Ендеше, байқауымыздың кезекті шарттарымен таныс болыңыздар:
1 - кезең «Таныстыру». Бұл кезеңде аруларымыз өздерін таныстырып өтеді.
І жүргізуші: 2 - кезең « Ақылына көркі сай» кезеңінде сарапшылар мен қонақтардың қойған сұрақтарына жауап береді.
ІІ жүргізуші: 3 - кезең «Қыз еркем, қылығымен көркем» деп аталады, яғни бұл кезеңде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.
І жүргізуші: 4 - кезең «Сұлулық сыры» киім үлгісін көрсету.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың демеушісі, мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Бекманов Салауат Амангелдіұлына алғысымызды білдіреміз.
І жүргізуші: Бүгінгі байқауды бағалайтын көрермендер және сарапшыларымыз. Сарапшылармен таныс болыңыздар!
ІІ жүргізуші: Байқаудың талаптары:
1. Өзін - өзі ұстауы;
2. Сөйлеу мәдениеті;
3. Жүріс – тұрысы;
4. Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы;
5. Білім деңгейіне қарай бағалайтын боласыздар.
І жүргізуші: Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы – ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей келе байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәріде санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Қыздарымызға сұрақты сарапшылар мен қонақтарымыз қояды.
Бірінші төрттікті ортаға шақырамыз.
1. Қазақ қыздарының сәндік әшекей бұйымдары?
2. «Абай жолы» кітабының авторы кім?
3. Соңғы оқыған кітабыңның авторы, кітаптың аты.
4. Армансыз адам жоқ. Арманыңыз қандай?
Екінші алтылықты шақырамыз.
5. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
6. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
7. Ою өрнектің бір түрін ата?
8. Сәукелені кімдер киеді?
9. Ұлыс күні жасалатын тағам?
10. Өмірдегі үш нәрсе. Неге сен оны таңдадың?
Үшінші төрттікті шақырамыз.
11. Қазақ қыздарының бойында қандай қасиеттер болу керек
12. «Қыз Жібек» фильміндегі Қыз Жібек рөлінің басты кейіпкерін ойнаған актриса кім?
13. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт - дәстүрінде тәрбиелік ұғым, қандай ұстанымды атайды.
14. Абай Құнанбаевтың анасы?
І жүргізуші: Қыздарымыз келесі кезеңге дайын болғанша
ІІ жүргізуші: Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер өнерлінің
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер атты
Шарпып өтсін лебімен қанаттының – деп сайыскерлеріміздің өнерін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар байқауға қатысқан қыздарымызға дауыс беру басталды.
Олай болса, бүгінгі байқауымыздың сарапшыларын сахна төріне шақырамыз!
Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Салауат Амангелдұлына береміз.
І жүргізуші: Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
Ән - мереке жолықтырсын аман - сау,
Наурыз кештің шымылдығын жабамыз!
Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар!

Жаңалықтар
Көктем аруы - 2019
қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Көктем аруы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектеп мұғалімі Ізтілеуова Замзагүл
Ана тілі аруы (22 қыркүйек – тілдер күніне орай)
Қызылорда қаласы, Қармақшы ауданы, № 250 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаханова Гүлнұр Мейрамбекқызы
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.