Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әже әлдиі

18 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Әже әлдиі
Мақсаты: Ата - бабамыздың салт - дәстүрін әдет - ғұрпын, өнерін, тұрмысын таныстыруды жалғастыра отырып, бесік жыры, оның маңызы туралы түсінік беру. Әже әлдиінің мағнасын түсінуге, қабылдап сезінуге үйрету, өз елін, ата-анасын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу. Мақалдар, жұмбақтар, өлеңдер мен айтыс өнерін айта білуге, сөйлемді толық аяқтауға үйретуге жұмыстану. Есте сақтау, ойлау, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Әдіс тәсіл: сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын, түсіндіру, жарыс.
Керекті құралдар: бесік, қуыршақ, төрт түлік суреті, тау, киіз үйлер макеты, асық, қоржын, домбыра, үнтаспа, сандық, диірмен, келі.

Барысы:
- Амандасу рәсімі;
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
Күлімдейді жан анам.
«Қайырлы таң ботам» - деп,
- Қайырлы таң балалар!
- Қайырлы таң қонақтар!
- Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: әдепті бала алдыменен амандасар деп өзіміздің әдептілігімізді көрсеттік. Қане енді қолымызды ұстасып, алақандарымыздың жылуын бір - бірімізге беріп, жақсы тілектер айтайық.
Мен бүгінгі күн бізге ананың алақанындай жылулық силасын деймін.
- Ата - анамыз аман болсын.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
- Балабақшамыз жайнай түссін!
- Ана тіліміз биікте асқақтап, еліміз гүлдене берсін!
- Ата - әжелеріміз аман болсын!
- Бәріміз дос болайық!

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әже әлдиі». Сендер жайлауға әжеге қонаққа барғыларың келе ме?
- Иә
- Қазір Әсемнің әжесіне жайлауға барамыз.
Тәрбиеші: Мына автобусқа отырайық. Райымбек жүргізуші болады. Қане бәріміз көзімізді жұмып жасыл жайлауды елестетейік. Айнала жап - жасыл, әдемі гүлдер жайқалып тұр, киіз үйлер жайылып малдар, төлдер жүр. Қазан басында әжеміз құрт жасап жүрген шығар. Ал енді көзімізді ашайық. Мәссаған, міне айт дегенше жайлауға да келіп те қалдық.
Балалар автобустан түсіп төлдермен амандасады.
- Сәлеметсің ба қошақаным,
- Амансың ба ботақаным,
Алдарынан күн шығады:
Жарқыраған мейірімді күн боламын,
Адамзаттың алғысын мен аламын.
Қош келдіңдер жайлауға балдырғандар.,
Аман болсын әрдайым аналарың.
Балалар: Сәлеметсіз ба жарқын күн.
Тәрбиеші: Келіңіз күн бізбен бірге болыңыз!
Жылаған сәби дауысы шығады.
Тәрбиеші: Біздің шуымыздан кішкентай бөпе оянып кетті - ау. Қазір жұбатамыз.
Осы кезде сырттан әжесі кіреді.
Балалар: Сәлеметсіз ба Әже!
Әже: - Амансыңдар ма, айналайын құлындарым.
Қош келдіңдер төрлетіңдер. Кішкентай бөбегім жылап қалды ғой, қазір әлдиіммен ұйықтатып тастайын. Әже әлдиін айтады 4 - 5 шумақ.
Тәрбиеші: Міне әжесінің бесік жырынан соң бөпе ұйықтап қалды. Балалар тәрбие осы бесіктен басталады. Нәрестенің әрбір ұйықтар алдындағы айтылатын бесік жырының орны ерекше. Ол ана мен баланың қарым қатынасы, сәбидің жүрек және ақыл тәрбиесінің жетілуі. Сәби бәрін естіп, көріп, түсініп, сезініп жатады. Ұлы Абай атамыз: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» - дей келіп. Жүрек тербеп оятар, басты, миды – деп бесік жырының мәні мен маңызына ерекше көңіл бөлуді меңзеген. Яғни өмірге деген талпынысын бесіктен бастап оятуға болады. Бәріңде осындай әжелеріңнің әлдиін тыңдап, өнегелі, ақылды, өнерлі болып өсіп келе жатырсыңдар, балабақшаға келіп балдырған болдыңдар. Қане енді әжемізге өз өнерімізбен тәрбиемізді көрсетейік. Ұлдар мен қыздар болып сайысқа түсейік. Әжеміз сарапшы болсын.
Тәрбиеші: Балалар сайысқа тапсырманы мынау қоржынның ішінен суырып алыңыздар. Ал қане кім батыр.

Самал: Мақал - мәтелдер сайысы
Женя:
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.

Кына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Дана:
Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің дәмін келтіреді.
Райымбек:
Даланың көркі мал болар,
Өзеннің көркі тал болар.

Бірлік болмай тірлік болмас.

Шолпанай:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.

Самал:
Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай құлыннан.

Өзге елге сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.

Азиз:
Еңбек ерлікке жеткізеді,
Ерлік елдікке жеткізеді.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Әже әлдиі жүктеу
2 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу мен азайту тақырыбының негізгі мәселелерін қайталап, білімдерін тиянақтау: - нумерациялық білім: ондықтар мен бірліктерден құралған сандарды жаза білу;
Көңілді шарлар
Көңілді шарлар
Балаларға шарларды таныстыру. Шарларды атап, түстерін ажырата білуге үйрету. Шарды кілегеймен ақ қағазға жапсыруды үйрету.
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылы, №41орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Ахметжанова Гулия Слямбекқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×