Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Көңілді мәре» спорттық сайысы

27 қаңтар 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Көңілді мәре» спорттық сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, шариктер, үлкен резеңке доптар, асықтар, самокат, хоккей таяқшалары.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Көңілді мәре!» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық. («Қара жорға» әуенімен балалар ортаға шығады.)
(Гимн ойналады)
Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын атаңдар.
Желтоқсан айында қандай мерекелерді атап өтеміз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Олар «Тұлпар» және «Қыран» топтары. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
(әділ қазылар алқасы сайланады)
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
«Көңілді сайыс!»- атты жарысымызды бастаймыз.
Сайыс түрлері:
1. Таныстыру
2. Допты бер
3. Шарикті ұяшыққа салу
4. Хоккей
5. Кім жылдам
6. Асық ату
7. Шегіртке
8. Арқан тартыс
І тур «Таныстыру»
«Тұлпар» тобы: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы: Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

 ІІ тур «Допты бер»
Әр команда сапқа тұрып, допты қолдарымен астарынан асырып артындағы оқушыға береді. Соңғы оқушы допты ұстап, саптың алдына жүгіріп келіп, допты артқа беріп жалғастырады. Белгіленген межеге жеткен соң орындарына жүгіріп келіп сапқа тұру керек. Бірінші болған команда жеңеді.
ІІІ тур «Шарикті ұяшыққа салу»
Балалар бір - бірден шариктерді кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет шарик салса, сонша ұпай жинайды. Ойын уақытқа ойналады. Уақыты 2 минут
ІV тур «Хоккей»
Теннис добын хоккей таяқшасымен (клюшка) итеріп жүріп, межеден айналып, кері келіп келесі ойыншыға береді. Бірінші болған топ жеңеді.
V тур «Кім жылдам»
Самокатқа мініп, белгіленген межеден айналып келіп, келесі ойыншыға берді. Бірінші келген топ жеңеді.
VІ тур «Асық ату»
Белгіленген межеге асықтар тізіліп қойылады. Әр командадан бір - бірден оқушы шығып, асықты көздеп атады. Көп асық атып алған команда жеңіске жетеді.
VІІ тур «Шегіртке»
Әр топтан бір - бір оқушы доптың үстіне отырып, белгіленген межеге секіріп жетіп, кері қайтады. Бірінші болып бітірген топ жеңеді.
VІІІ «Арқан тартыс»:
Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар!
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімді әділ қазылардан күтеміз.
(әділ қазылардың шешімі тыңдалады)
Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
13 780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Ұлттық ойын – халық қазынасы
Ұлттық ойын – халық қазынасы
Қазақ халқының ерлік - жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.
Көңілді спорттық жарыс
Көңілді спорттық жарыс
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×