Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойын – халық қазынасы

01 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Мұнайшы ауылы "Балауса" балабақшасының әдіскері
Изжанова Молдир Набидоллакызы

Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Денешынықтыру
Тақырыбы: «Ұлттық ойын – халық қазынасы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс - әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
2. Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік - жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін - өзі тәрбиелеуге дағдыландыру;
Қажетті құралдар – арқан, жылқы, теңге, қамшы.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Ұлттық ойын - халық қазынасы» атты спорттық кешімізге қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін «Айгөлек» тобының арасында сайыс өткізгелі отырмыз. Ал енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

(Қара жорға әуенімен балалар ортаға шығады)

Тәрбиеші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке - жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура»деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз

Тәрбиеші: «Ұлттық ойын - халық қазынасы»- атты жарысымызды бастаймыз. Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін қонақтар сіздерсіздер.

Ал құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер
- дей отырып топ капитандарына сөз берейік.

1 - топ «Тұлпар»
Топ капитаны - Мұханбет

2 - топ «Қыран»
Топ капитаны - Әсел

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық.....

Сайыс шарттары:
1. «Бәйге»
2. «Арқан тартыс»
3. «Теңге алу»
4. «Қол күрес»
5. «Ақсерек - көксерек»

Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленеді. Екі топтың балалары (арақашықтығы 2 м ) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.

Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланылады. Белгілі бір жерге теңге ыдысқа салып қойылады ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.

Ойын: Ұлттық ойын «Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастыра ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.

Ойын: Ұлттық ойын «Ақсерек - көксерек».
Ойын шарты: ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Арақашықтық 20 - 30 қадам.
1 - ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек - ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2 - ші топ Ақсерек – ау ақ серек
Жаман - жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Тәрбиеші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз

- Құрметті ұстаздар, қонақтар біздің алға қойған мақсатымыз ата - бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.

- Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойын – халық қазынасы» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ бағасын берейік. Барлық әділ қонақтардың шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста «Достық» жеңді. Екі топты алтын және күміс медальдармен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
12 298
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді мәре» спорттық сайысы
«Көңілді мәре» спорттық сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұлттық ойын – ұлт қазынасы
Ұлттық ойын – ұлт қазынасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла»балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым
Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым
Атырау қаласы, Бірлік селосы Хамзина Нургул
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×