Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім менің

06 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Елім менің»
Мақсаты: Оқушылардың халқымыздың төл әдебиеті мен тарихы, географиясынан танымдық деңгейін арттыру.
Міндеті:
- Еліміздің әдебиеті мен тарихы, географиясы тығыз байланыста екенін білу;
- Патриотттық сезімдерін ұялату;
- Тілдік танымын кеңейту.
Түрі: интеллектуалдық, танымдық сайыс
Көрнекілігі: Тіл, әдебиет, ел туралы мақал-мәтелдер мен Қазақстанның географиясы туралы суреттер, слайд.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, бейне сұрақ, ойын элементтері, шығармашылық, ізденімпаздық.
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ойынның шарттары:
I. Топ мүшелерін таныстыру;
II. Топқа 3-3-тен сұрақ;
III. Топ мүшелерін сұрақ (2-2-ден);
IV. Ақын-жазушылар шығармаларынан үзінді;
V. Бейне сұрақ;
VI. «Сөз жүйесін келтірер.........( мақал – мәтел сайысы )
VII. Қорытынды.

- Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем,- деп, ақын Тұрсынхан Әбдірахманова айтқандай қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы аясында өтетін «Елім менің» интеллектуалдық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымыз елтану, тілтану, өлкетануға қатысты сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады. Бұндағы мақсатымыз – оқушылар бойына ерекше патриоттық сезім ұялату.
Ендеше, көп созбай сайысымызды бастасақ.

I кезең. Топ мүшелеріне кезек-кезек 3-3-тен сұрақ қойылады.
«Атамекен» «Ұлытау»
1. Есіл өзені қай өлкеде?
2. Жетісуды ата?
3. Аягөз өзенін сипатта
4 Қазақстандағы ең биік тауларын ата?
5Қазақстанның мұнайлы өлкесі?
6 Қорықтарды ата

II кезең. Топ мүшелеріне сұрақ
1. Тарихта ең ұзақ созылған дәуір
2. Алғашқы адам қай жерден табылған?
3. Мыс тас ғасырының кезеңі
4. Ел тарихында болған Астаналарды ата
Мәнерлеп өлең оқылады. 6 «Б» сынып оқушысы Сембаева Айгерім.
Ән шашу. 6 «А» сынып оқушысы Мәкен Жазира

IV кезең. «Атамекен», «Ұлытау» топтарына көркем шығармалардан үзіндіде қай өлкені сипаттап тұр, сол жердің географиялық орны мен өзен атауын атайды.
1. Тарбағатай тауынан
Тоқсан сапа қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен ағызып,
Арнаң қалды осылып.
(Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» Аягөз өзені. Картадан көрсетеді.)

2. Арқырап әні ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Ит-мұрыны мөлдіреп,
Қудырлап қоңыз ұшады.
Бауырлаған ағынның
Сумаңдап суы сылдырайды
(І. Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым», Ақсу өзені)

3. «Моп-момақан боп тұнып тұрған сияқтанып, оның суы тізеңнен аспай-ақ сені қабықтай қалқытып ала жөнеледі. Сен малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің.
Тәттілігі қандай сол судың!... Салқындығы қандай!... Мөлдірлігі қандай!...»
(С. Мұқанов «Есіл бойында» Есіл өзені)

4. Білем сені, сүйем сені,
Сыр сұлуы қарт анам.
Сенсің мені әлдилеген
Туған сенен – мен балаң.
Ел анасы – менің анам,
Сырдың сұлу өзені.
(Ә. Тәжібаев «Сырдария»)

5. Сексен көл.................. саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы – дертке дауа, жұпар иісті,
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?(Көкшетау)

6. Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта жер жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!
(М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі)

Бейне сұрақ. Бұл қай өлке?

2. География пәнінің мұғалімі Абайдулла Ақмарал.
Қазақстандағы көп атаулар даламен, шөлмен және басын ақ қар басқан биік таумен байланысты. Десе де көп атаулар Қазақстанның өте көп көлді ел екенін біле де бермейді, оның территориясында көптеген, 48 мыңнан аса көлдер орналасқан. Әсіресе олар республиканың солтүстік бөлігінде – орманды дала мен далалық аймақтарда өте көп. Қазақстан көлдерінің жалпы ауданы 49 мың шаршы км-ге жуық. Тұщы су көлдері басым, бірақ суы кермекті және ащы су қоймалары да жеткілікті. Біздің республикамыздағы үлкен көлдер – Каспий мен Арал теңіздері, Балқаш пен Зайсан.
Ендеше, балалар, мына төмендегі сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1. Қазақстандағы ең ірі өзендердің бірі? (Ертіс өзені)
2. Қазақстанның ең биік шыңы республикамыздың оңтүстік-шығысындағы қай тауда, қандай шыңы болып табылады. Оның биіктігі қанша метр? (Тянь-Шань тауындағы Хан тәңірі шыңы болып табылады. Биіктігі – 6996м)

7. Сөз жүйесін келтірер..
(Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз)
1. Туған жердей жер болмас,..........
2. Туған жерге.........
3. Отанды сүю............
4. Атың барда жер таны желіп жүріп,.....
5. Еңбектің наны тәтті,..........
6. Еңбек етсең.............. ( топ мүшелері дайындап келген мақалдарын айтады )

Қорытынды, әр оқушы өзінің елі мен жерінің тарихын білуге тиісті. Өз Отанын мақтаныш ете отырып тілін, өнерін, мәдениетін, географиясын жете білу – перзенттік парыз боп саналады.
5 561
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!
Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!
Оқырмандарға ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер жаттап келуге тапсырма беріледі. Безендірілуі: "Қазақ тілі – болашағым, ертеңім...” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, гүл шоқтары қойылады, нақыл сөздер, шарлар, қазақ тілін зерттеуші
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем...
Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем...
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектеп Салихова Айымгүл Мәдиқызы
Тілім менің – тірегім
Тілім менің – тірегім
Кызылорда облысы, Қазалы ауданы, Айтеке би кенті орыс тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Калымбетов Болат Батырханұлы
Тілім менің – тірлігім менің
Тілім менің – тірлігім менің
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева “Тілім менің – тірлігім менің” ашық журнал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×