Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз (ертеңгілік)

16 наурыз 2012, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
"Алтын күз" ертеңгілігі
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер сахна жақтан кішкене орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші: Құрметті, ата-аналар, әріптестер, қонақтар! «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

-Балалар мен сендерге бір жүмбақ жасырайын:
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)
-Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Күз!

Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз мектепке баратын,
Алақай-ау, күн жақын. (Алина)

Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап. (Азамат)

Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді. (Аяулым)

Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп. (Ильяс)

Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.(Асанали)

Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.(Алтынай)

Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа әкеліп төкті де.
Ақ нанды үйіп тастады.(Жанель)

-Балалар менің сендерге жасырар тағы да жұмбақтарым бар, кәне шешіп көреміз бе?!
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
(Сәбіз)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Асытында қызыл дәу жатыр.
(Қызылша)

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешмін?
(Қырыққыбат)

Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп».
(Картоп)
«Күз жомарт»әні орындалады.
«Шалқан» ертегісі».
«Көкөністер» тобын қарсы алып, өнерлерін тамашалайық.

Асханадан шықпаймын,
Атым - пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын. (Нұрдәулет)

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздерміз жазықсыз. (Аружан)

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар қанға - нәр.
Зияным жоқ біліп қой -
Қызылшамын, пайдам бар. (Фариза)

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып. (Толғанай)

Көптеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып. (Мансур)

Атым – қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып. (Аңсар)

Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым. (Сертай)

Картоп – біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз. (Жәнібек)

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған -
Балдай тәтті қауынмын. (Арнұр)

Ойын «Қай жемістің дәмі?»

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. (Ермек)

Олай болса жемістердің өнерлерін тамашалайық.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - ЖҮЗІМ. (Еркежан)

Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - ЖАҢҒАҚ. (Дильшат)

Дөп-дөңгелек сары,
Ішінже бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - ӨРІК. (Арайлым)

Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - ШАБДАЛЫ. (Жансая)

Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты - ШИЕ. (Айым С.)

Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ. (Айым А.)

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме –
Ісіп кетер маңдайым. (Марал)

Тіл үйірген алмұрпын,
Таңсығымын бар жұрттың,
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім. (Нарина)

«Күз келгенде» әні.
Ата-аналарға метограмма:
Қ-дан мені бастасаң,
Шөлің басар асыңмын.
Ж-ға айырбастасаң,
Тамшы болып тасындым.
(Қауын-жауын)

Бір бауыңда кәріңмін,
Екінші де нәріңмін.
Қосылғанда екеуі,
Көкөніс боп табылдым.
(Шал-қан)

Би «Қара жорға». Балалар ата-аналарына дайындаған ашық хаттарын табыстап, биге шақырады.

Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.

Тәрбиешінің ата-аналарға, қонақтарға деген алғысы.
33 641
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Қош келдін алтын күз
Қош келдін алтын күз
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл жарқын күз. Сары алтынға малынған, Жетті міне алтын күз.
Алтын күз!
Алтын күз!
«Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Арайлы - алтын күз
Арайлы - алтын күз
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қабырғаларға жапырақтар мен шарлар ілінген, жоғарыға құс макеттері, жеміс – жидек муляждары ілінген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×