Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әжем менің әлі де...

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Әжем менің әлі де......»
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық қасиеттерді қалыптастыру.

Жоспары:
1. «Сәлем - сөздің анасы» /таныстыру/
2. «Өнерлі өрге жүзер» /өнер сайысы/
3. «Шебердің қолы ортақ» /қолөнер сайысы/
4. «Әже әлдиі» /бесік жыры немесе өнегелі сөздер айту/
5. «Әжемізге сыйлаймыз» /әжелеріне мерекелік сыйлық әзірлеу/
6. «Қазағымның дәстүрлері ұмытылмасын» /салт – дәстүрлерден көрініс көрсету/
7. Қорытынды.

Жүргізуші: Наурыз келді шуақты күндерімен
Дүние бүкіл әлем жаңғырады
Наурыз мейрамымен құттықтаймыз
Мейірімді, аяулы аналарды.
Еліме дүркіреген той жеткенді
Көңілге жаңа ақыл ой жеткенді
Наурыз мейрамымен құттықтаймыз
Жаны жайсаң жайдары жеңгелерді.
Көктем иісі бұрқырап сезіледі
Саймен қырат бой жазып керіледі
Наурыз мейрамымен құттықтаймыз
Қолаң шашты әдемі сіңлілерді.

Құрметті: Әжелер, аяулы ұстаз аналар, бойжеткендер!
Көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға да құтты болсын!
Адамзаттың анасы, әкемнің де анасы, анамның да анасы – ол біздің ақ әжелеріміз. Әженің әңгімесін тыңдап, ертегісін есту, өнегесін үйрену, ақылын алу ұрпағының дәстүрлі міндеттері. Олай болса бүгінгі «Әжем менің әлі де....» атты әжелермен немерелер сайысын ашық деп жариялаймыз.
Сайысқа қатынасушы әжелерімізді ортаға шақырамыз.
1. Бірінші әже өнерлі
Жұрттың бәрі біледі
Назирамен қосылып,
Әнді де салып береді - ортаға Орынша әжемен немересі Назираны шақырамыз.
2. Ұстаз әже екінші
Үлгі оның әр ісі
Әжесімен Динара
Ортамызға келсінші – ортаға Есенгүл әжемен немересі Динараны шақырамыз.
3. Үшінші әже жыршы екен
Шуағы мол нұрлы екен.
Дианамен әжесін
Бәріңізге үлгі етем – ортаға Жанбибі әжемен немересі Диананы шақырамыз.
4. Төртінші әже көрікті
Өнерімен елітті
Немересі Әсемгүлмен
Бұл сайысқа келіпті – ортаға Бақтылы әжемен немересі Әсемгүлді шақырамыз.
Қазақ биі. орын: «Айгөлек» бишілер тобы.
«Сәлем – сөздің анасы» деген сөзбен бастайық
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Ата анаңмен жеті атаңды атап шық
Отырған жұрт қолды соғып қостайық – дей келе таныстыру бөлімі.

«Сәлем – сөздің анасы» бұл бөлімде сайыскерлер өздерін таныстырады.
Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махаббаты
Сайыскерлер өнерлерін көрсетсе
Халайық қошеметтеп қол соғады.
«Өнерлі өрге жүзер» бұл бөлімде өнерлерін көрсетеді.
Ән: Анаға арнау. орын: Д. Қыздарбай.
Қазақтың дәстүрі бар өнер деген
Өнерді үйреніп өт жирен бе сен
Деген сөз ата – баба дәстүрінің
Жүн түтіп ұршықты да үйрен деген.
«Шебердің қолы ортақ» бұл бөлімде немересімен әжесі өздерінің жасап әкелген бұйымдарын таныстырады.

Ән: «Мама» орын: Л. Оразғалиев.
Маған үлгі сөзіңіз
Өнегесіз өзіңіз
Жақсылыққа талпынар
Біздің нағыз кезіміз
Жақсы деген немене
Жаман деген немене
Осындайда әжетай
Айтып берші өнеге. «Әже әлдиі». Бұл бөлімде әжелеріміз немерелеріне «Бесік жыры» немесе өнегелі сөздер айтып беруі керек.
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Мереке күндері
Әжемізге сыйлаймыз. «Әжемізге сыйлаймыз». Бұл бөлімде немерелері әжелеріне сыйлық жасайды.

Ән: «Анаға сәлем» орын: Музамелұлы Р.
Әжелердің жүрген жері нұрланды
Соңдарынан таңғажайып сыр қалды
Ұмыт қалған қазағымның дәстүрін
Дәріптейтін әжелер бар иманды. «Қазағымның дәстүрлері ұмытылмасын» бұл бөлімде әжесі немересі екеуі салт – дәстүрлерден көрініс көрсетеді.
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Аман жүрсе сайыстарға
Қатысады әліде – дей келе әжелерге сәттілік тілей отырып. Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар.
10 925
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Тақырыбы: Аялайық ананы
Ең сүйкімді бүлдіршін
Ең сүйкімді бүлдіршін
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ана - бақыт, қыз - гүл
Ана - бақыт, қыз - гүл
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Тныбекова Гульшара Апураевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×